Өнеркәсіп

«Радуга» ЖШС биыл 1 млрд. 200 млн. теңгенің өнімін шығаруды жоспарлап отыр

– Біз орналасқан мына цехтағы желілердің барлығы биылғы жылы іске қосылған болатын. Солардың бірі – қоқыс орамаларын қаптайтын мына құрылғы. Қондырғы тәулігіне 500-ге жуық қамтама орайды. Әр қаптамада 20 пакеттен. Жұмыстың барлығын техника өзі жасайды десе де болады. Тек оны басқарып отырған азаматтың тірлігі мына қаптамалардың сыртына арнайы қағаздарды жапсырумен шектеледі.

Айта кету қажет бұл цехта пакеттердің 6 түрі дайындалады. Юлия Колмакованың зауытта еңбек етіп жүргеніне 4 жылдан астам уақыт болған. Азаматша пластикалық өнімдерді дайындайтын қондырғыны басқарады. Қазір шебер үй шаруашылығында пайдаланатын легендерді жасау үстінде.

Юлия Колмакова – «Радуга» ЖШС станог операторы, Қызылжар ауданы.

– Мен тәулігіне 800-ден астам леген жасаймын. Материал 200 градустық температурада балқытылады. Кейін қалыпқа келтіріледі. Бұл процесс шамамен 2 минут уақытты алады. Жұмысым өзіме ұнайды. Айлығым 100 мың теңге шамасында.

Қаңтар айынан бастап кәсіпорын 35 миллион теңгенің өнімін саудалаған. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 1 млрд 200 миллион теңгеге жеткізуді жоспарлап отыр.

Евгений Токушев – «Радуга» ЖШС директорының орынбасары, Қызылжар ауданы.

 

– Қазір біз киім кептіргіш жасайтын өндіріс орнында тұрмыз. Күніне 100-шақтысын жасаймыз. Болашақта көрсеткшті ұлғайтымыз деген ойдамын. Тауарларымызға сұраныс бар. Дайын болған өнімді Қазақстанның бірнеше қаласына жөнелтеміз.

Қазір кәсіпорында 150-ге жуық адам еңбек етеді. Орташа айлық 80 мың теңге шамасында. Енді жаз айларынан бастап зауытта түрлі орындықтармен жеңіл сатылар жасалатын болады.

Джакупов Самат.