Без категории

Ешкім де, ешқашан да ұмыт болмайды

Александр Тищенко – ҰОС ардагері

– Мен пулеметші болатынмын. Ленинградты қоршаудан азат ету кезінде қатарынан 4-5 неміс самолетін құлаттым. Қаланы қоршаудан алған күн әлі есімде. Ленинградттықтар аш- жалаңаш, жылап шығып жатты. Өте аянышты болатын.

Александр Тищенко Ленинградқа келгенде атың аңызға айналған Жуковтың қарамағында болыпты. Сонықтан оны мықты жауынгер ретінде еске алады.

Александр Тищенко – ҰОС ардагері

– Оның соңынан неміс тыңшылары жүрді. Бір сапарға шыққанда бірнеше машина соңымызға ілесті. Сол сәтте біз тек Жуковтың аса қырағылығының арқасында ғана құтылдық. Ол мықты стратег болатын.

1944 жылдың 27-ші қаңтарында Ленинград қаласы жаудан толығымен азат болды. Александр Тищенко болса, ол уақытта аяғынан жарақаттанып ауруханада жатқан. Емделіп шыққан соң да Александр Александрович үшін қызмет аяқталмады, ол 1950-ші жылға дейін Кеңес елі мен Финляндия шекарасын күзетіпті. Мына суретте ардагер өз әйелі Лидиямен бейнеленген. Жұбайымен отасқандарына 51 жыл болды. Қазір қария 3 баладан 6 немере, 8 шөбере сүйіп отыр.

Магжан Ахмадина.