Мәдениет

Жастар ата-баба тарихынан ажырамауы тиіс

Әсет Төлегенов, 6637 әскери бөлімінің сарбазы

– Қазақ хандығында тұрақты әскердің болғандығы туралы да деректер бар. Қазақтар өзінің нақты територриясын білген. Және көрші елдерден бөгде адам шекараны кесіп өтпес үшін қазіргі шекарашылар секілді қарауылдық әскерлер сол жерде жүріп, шекараны күзетіп жүрген. Сол жайында деректер бар.

Сарбаздардан бөлек тәрбиелік мәні зор жиынға мектеп оқушылары мен студенттер қатысты. Жиында жас толқын алдында тарихшылар, университет оқытушылары Қасымның “Қасқа жолы”, Есім ханның “Ескі жолы”, әз Тәукенің “7 жарғысы” сынды дала заңдарының қысқаша мазмұнын айтты. Одан кейін заңды шығарған билер мен жырауларға бөлек тоқталды. Бүгінде сол қазақ хандығы тұсында қолданыста болған ата заңымыздың негізінде еліміздегі басты құжат саналатын Конституция жазылды.

Гүлбақша Мұсабаева, “Urpaq” қазақ мәдени-ағарту орталығының төрайымы, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың доценті

– Қазір Абылай хан, Кенесары туралы көп мәселелерді көтеріп жатырмыз. Биыл Конституцияның 20 жылдығын тойлап жатырмыз. Ең басты деректер, ең басты заңдар қазақ хандығының тұсында жазылған. Сондықтан жастар осы тарихи, рухани деректерге жүгінуі тиіс.

Кеш соңында Құрманғазы Сағырбайұлы, Қорқыт ата,

және Дәулеткерей Шығайұлының атақты күйлері орындалды.

Диас Серікбай, дарынды балаларға арналған өнер мектебінің оқушысы

– Негізі қазақ хандығы тұсында дарынды күйшілер мен жыраулар көп болған. Мен сол күйшілердің шығарармаларының біразын домбырада орындай аламын. Мұның бәрін маған атам кішкентайымнан үйретті

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған тарихи-әдеби кеш аясында “Қазақстан тарих беттері” атауымен 200-ге жуық туынды кітаптар көрмесінде сөрелерге жайғастырылды. Мұнда келушілер қазақ хандарының өмірбаяны, 30-шы жылдағы ашаршылық, Алаш қозғалысы, тәуелсіздік жылдарында орын алған айшықты оқиғалармен танысу мүмкіндігіне ие болды.

Берик Касен.