Мәдениет

“Ревизор” қойылымы сахналанды

Батырбек Шамбетов – С. Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының әртісі

– Спектаклдің қиын-қыстау жерлері Барзу Абдураззаковтың бізбен бірінші постановкасы, біздің театрда. Ол кісінің қойған талаптары, яғни әртіс ретінде персонаждан актерға ауысып отыруымызды талап етті. Қиыншылықтары да болды.

Батырбек Шамбетов қала басшысының рөлін сомадаса, ревизор кейпінде – жас актер Асылхан Рәзиев жүр. Жалпы спектаклді қоюға өнер ордасының 20-дан астам актері тартылды. Туындыны жарыққа шығаруға 2 айдай дайындалған өнер иелері – көрерменді күлдіртіп те, кей жерінде жас алдырып та жатты. Театр басшылығы әлемдік классиканың сәтті шығуына білікті режиссер Барзу Абраззаковтың мол үлес қосқанын айтады.

Біржан Жалғасбаев – С. Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының директоры

– Бұл кісі енді шынында да ТМД елдерінде өте танымал. Қазіргі таңдағы 21 ғасырдағы өте мықты, көзқарасы ерекше, суреткер. Бұл кісімен келіссөз жүргізу бұл театр үшін бір жағынан сәтті болды. Ол кісі қуана-қуана келісім берді.

4 сағатқа жуық сахналаған комедиялық қойылым көрермендер көңілінен шықты.

 

Бакыт Садуакасов.