Қоғам

Петропавлда облыстық ассамблея ардагерлерімен кездесу өтті

Раиса Полищук – Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагері

– Ел президентінің қолдауымен пайда болған қоғамдық ұйым ұлт саясатын жүргізудегі жетекші механизмнің бірі. Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған бастапқы жылдары бірлестіктер мен ұйымдардың жұмысын атқару оңай болмады. Бірақ, біз, яғни этномәдени бірлестіктер бар кедергілерді жеңіп, Ел басшысымен бірге алға қадам бастық. Сол себептен мемлекетіміздің осы уақыт ішінде жеткен жетістіктерінің барлығы қоғам тұрақтылығы, өзара түсініспеншілік пен ұлтаралық келісімнің арқасында болып отыр.

Бүгінде өңірімізде 108 этномәдени орталық болса, соның 24-і Петропавл қаласында жұмыс жасауда. Олардың басты міндеті – елімізде мекен ететін әр ұлттың мәдениеті мен салт-дәстүрін сақтауға жағдай жасау.

Наиль Салимов – облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығының меңгерушісі

 

– Бүгінгі біздің кездесуіміз этникаарлық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісін паш етуге арналып отыр. Жиында біздің ардагерлеріміз Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуына тоқталып, сол уақытта кездескен қиындықтар жайлы баян етеді. Бұл қазіргі жастарға өте қызықты деп ойлаймын. Олар өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, кейінгі толқын өкілдеріне татулықтың маңызы жайында айтты.

Одан соң, кеш жергілікті өнер ұжымдары әзірлеген мерекелік концертке ұласты.

Бакыт Садуакасов.