Мәдениет

Петропавлда 1 айлық көшпелі көрме бастау алды

Талғат Жұмағұл – мүсінші, Астана қ.

– Біріншіден айта кетейін бұл көрмені Қазақстанда бірінші рет өткізіп жатырмыз. Петропавлда 8-ші рет. Мен қатарлы көптеген жас суретшілер өз еңбектерін қойып жатыр. Жалпы көрменің мақсаты қазақ бейнелеу өнерімен, мүсінімен қарапайым адамдарды таныстыру.

Көрмеде Гүлмарал Татібаеваның “Үміт” атты жаңа туындысының тұсауы кесілді. Сонымен қатар дәл көрме үстінен Талғат пен Анардың арт стейшні өтті. Яғни отырған адамның бейнесін суретші қыз қағаз бетіне түсірсе, мүсінші әп-сәтте мүсінін жасап шығарды.

– Көрменің төрінен орын алған бұл мүсін Талғат Жұмажанның “Шабыт” атты туындысы. “Суретші алақанында тұрған әйел бейнесін” ағаштан ойып жасауға өнер иесі 2 айға жуық уақытын шығындаған.

Ал мына суреттер Анар Әубәкірдің “Тәңір күнтізбесі” топтамасынан алынған. Суретшінің бұл еңбекті қағаз бетіне көмірмен түсіріпті.

Анар Әубәкір-суретші, Астана қ.

–  Бұл Қазақстандағы бірінші көшпелі көрме. Мұнда 37 автордың 100 ден астам еңбегі орналастырылды. Негізінен көркем сурет, графика, ұлттық бағыттағы қол өнер жұмыстары қойылып отыр.

Петропавлда ақпанның 27-сі бастау алған көрме наурыз айының аяғына дейін жалғасады.

Акбопе Танирбергенова.