МТРА жаңалықтары

«Нұр Отан» партиясы Петропавл қалалық филиалының конференциясы өтті

Татьяна Чепухина- «Нұр Отан» партиясы Петропавл қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

– Осы 2-3 күнде барлық бастауыш партия ұйымдарында Ассамблеяның кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы ұсынысы қызу талқыланды. Оның ел көлемінде үлкен қолдау тапқандығы барлығымызға белгілі. Сондықтан біз бұл уақытылы қабылданған шешім деп ойлаймыз.

Кейін жиналғандар Н.Назарбаевтың кандидатурасын сайлауға ұсынған орынды болар еді деген бастама көтерді. Елбасына үміт артатындардың қатарында «Білім» бастауыш партиялық ұйымының төрайымы – Шарбан Таймулина да бар.

Шарбан Таймулина- «Білім» бастауыш партиялық ұйымының төрайымы

– Ол кісінің «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» жолдауында жастар, ел келешегі жайлы айтылған. 30 дамыған елдің қатарына кіру жоспары да осының барлығында көрініс тапқан.

Жиын барысында қабылданған шешім партияның обьлыстық филиалына жолданатын болады.

 

Магжан Ахмадина.