Спорт

Автомобильді трек жарысынан чемпионат өтті

Владимир Жуковень – СҚО авто және мото спорт федерациясының вице -президенті, бас төреші.

– Бұл спорт түрінде мына азамат мықты деп дөп басып айту қиын. Себебі жеңіске техниканың да тікелей қатысы бар. Бүгін міне мықты дегендер бас қосып, бақтарын сынамақшы. Алаңда 6 жолақ сызылып, әрбір айналымда соншама спортшы сынға түседі. 16 айналымның қорытындысы бойынша ұпай сандарымен жеңімпаз анықталады. Негізгі турдан соң, жерлесіміз Виктор Андрухты еске алуға арналған супер айналым ұйымдастырылады.

Міне алаңға спортшылардың алғашқы легі шықты. Барлықтарының автокөліктері байқауға сақадай сай.

Жарыс жолының жалпы ұзындығы 1200 метр. Спортшылар әр айналымда бұл қашықтықты төрт рет бағындырулары шарт. Осындай сайыстарда жүргізушілердің шеберліктері шыңдала түседі. Чемпионат барысында кейбір көліктер апатқа ұшырап, істен шығып жатқан сәттері де болды.

Владислав Епимахов чемпионатқа қатысып отырған ең жас спортшы. Небәрі 18 жастағы азамат болашағынан зор үміт күттіреді. Айтулы жарыста ол өзін тек жақсы қырынан ғана көрсетіп, алдыңғы орындарда көрінді.

Владислав Епимахов – Чемпионатқа қатысушы, Петропавл қаласы.

 

– Мен мұндай байқауларға 14 жасымнан бастап қатысып келемін. Өзіме қатты ұнайды. Негізінен автожарыс үлкен қаражатты талап етеді. Себебі көліктің қозғалтқыштары мен басқа да бөлшектері қымбат тұрады. Оның үстіне біз машиналарымызға қарапайым бензин құймаймыз. Сұйық отынды Ресейден сатып аламыз. Оның бағасы қарапайым жанар-жағармайды 2-3 есе қымбат.

Сайыс қорытындысы бойынша мықты деген 6 спортшы автожарыстан КСРО-ның спорт шебері, жерлесіміз Виктор Андрухты еске алуға арналған ҚР ашық чемпионатында бақтарын сынады. Бұл додада Ресейдің Омбы қаласынан келген Игорь Усов жеңіске жетті. Енді бір аптадан соң қысқы автожарыстың соңғы, 7-ші кезеңі Новосібір қаласында ұйымдастыралатын болады.

Джакупов Самат .