Қоғам

47 жыл бұрын Петропавлға Белорусь елінен көшіп келген отбасы

Геннадий Волчкевич, қала тұрғыны, зейнеткер

– Қазақстан қарапайым, адамгершілігі жоғары, бауырмал жандардың мекені. Мен жас кезімнен осы қасиеттерді бойыма сіңіре жүрдім. Ол менің жақсы тұлға болып қалыптасуыма өз әсерін тигізді. Біз мұнда келгенде ешкім өзектен теппей, керісінше, басымызға жайлы баспана мен бейқам өмір сүру үшін тұрақты жұмыс берді. Сондықтан мен осы елге өз еңбегімді сіңіріп, ұрпағымды осында өрбітемін деген шешімге келдім. Және оларға өзімнің өмірлік ұстанымымды айтып, бейбітшіліктің маңызын ұғындыру парызым және елге өтеуім деп білеммін.

Ал, Геннадий Волчкевичтің зайыбы Валентина 40 жыл “Сәуле” балабақшасында тәрбиеші, әдіскер онан соң меңгеруші міндеттерін атқарған. Отанасы бүгінде елдерді таңдау мүмкіндігі туып тұрса да, мен Қазақ елін ешбір мемлекетке айырбастамас едім дейді.

Валентина Волчкевич, қала тұрғыны, зейнеткер

– Біз Қазақ елінде 47 жыл тұрамыз. Менің жастық шағым, бар саналы ғұмырым Петропавл қаласында өтті. Осында жалғыз қызым дүниеге келді. Бүгінде тұрмысымыз жақсы. Өз үйіміз, қала сыртында жеке саяжайымыз бар. Ешкім бізді тілге, дінге бөліп қысым жасамайды. Осы елде қалауымыз бойынша еркін өмір сүріп жатырмыз. Маған керекгі де осы.

Зейнеткерлер бос уақытын зая жібермей жалғыз жиені Ярослав Волчкевичтің оқуын қадағалап жүр. Қариялар оны 5 жасында скрипка үйірмесіне берген. Бүгінде ол өнер колледжінің 2 курсында оқиды. Жақында емтихан тапсырмақ.

Келер жылы Генадий мен Валентина Волчкевичтер үшін айрықша. Олар 2015 жылы алтын тойын атап өтпек, яғни отасқандарына 50 жыл толады.

 

 

Берик Касен.