Білім

Ұстаздарға арналған республикалық семинар өтті

Маржан Сералина- Қазақ мектеп гиназиясы директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

– Бұл семинарларға 1-ші, 2-ші, 3-ші деңгейлі курстардан өткен мұғалімдер өз тәжірбиелерімен бөліседі. Мұнда кіріктірілген сабақтар, билингвалды және коучингтер өткізіледі.

Қалыптастырушы бағалау технологиясын қолдану педагог пен баланың арасындағы кері байланысты орнатады. Бұл – оқушының білім деңгейінің көтерілуіне ықпал етеді. Оқушы өзін бақылап, нәтижелерін өзі бағалайды, оны мұғалім жалғастырады. Бұдан бөлек, кемшіліктерді дер кезінде түзету мүмкіндігі туады. Тың жаңашылдықты өңір мектептері де қолдап отыр.

Күлімкөз Смаилова- «Әл Фараби» мектеп- лицейінің директоры

– біздің мектептің 12 мұғалімі курстардан өтті. Қазір олар өздері тәжірбиелерімен бөліседі.

Кейін мұғалімидерге арналған семинарлар секцияларда жалғасты. Онда аталмыш бағалау жүйесі жайлы кеңірек ақпарат алуға мүмкіндік туды.

 

Магжан Ахмадина.