Билік

Ұрлыққа қарсы іс-шаралар туралы облыстық селекторлық кеңес өтті

Пәтер тонау фактілері де аз емес. Көбісі үй иелері үйде жоқта – күндізгі уақытта жасалып отырған. Бүгінде облыс орталығында 1 мыңнан астам көпқабатты үй бар екен.
Өңір жетекшісі “Көрші бақылауы” бағдарламасының тиімділігіне тоқталып, мүмкіндігінше осындай баспаналардың әрбіреуіне бейнекамера орнату керек деді.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі

– Нужно провести совместно с ДВД разъяснительную работу по установке видеокамер в каждый дом.

Облыстық ІІД-нің бастығы Берік Біләлов ағымдағы жылдың басынан бері атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Берік Біләлов – СҚО Ішкі істер департаментінің бастығы

– Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге айрықша көңіл бөлінуде. Қолға алынған шаралардың нәтижесінде жол-көлік апаттары 17 пайызға кеміді. Қазір “нөлдік төзімділік” қағидасы бойынша тиісті жұмыстар тындырылуда. Мәселен, жыл басынан бері 8 мыс 291 заңбұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 60 пайызға көп.

Полиция қызметкерлерінің мәлімдеуінше пәтер ұрлығының алдын алу жұмыстарын күшейту қажет.

Мыңбай Асылбеков – СҚО ІІД криминалдық полиция басқармасының бастығы

– Өткен жылы пәтер ұрлығымен айналысқан 9 қылмыстық топ ұсталды. Қолды болған мүліктің жартысы иелеріне қайтарылған. Үй тонаған тұлғалар Ішкі істер бөлімінің арнайы есебінде тұр және оларға қатысты шұғыл және алдын алу шаралары жүргізілуде.

Өңірде былтыр 339 мал ұрлығы орын алыпты. Мұндай фактілер Аққайың, Ақжар және Тайынша аудандарында көп тіркелген екен. Оған себеп – төрт түліктің далада қараусыз бағылуы.

Бүгінде облыста 300-ден астам учаскелік инспектор жұмыс істейді.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі

– Учаскелік инспекторлар халыққа жақын жерде тұруы керек және тиісті аумақты үнемі шолып отыруы қажет. Учаскелік инспекторлардың жұмысын қадағалауды аудан әкімдеріне жүктеймін.

Сондай-ақ, ұрланған малды тез табу үшін инновациялық технологияларды көбірек қолдану керек. Мәселен, gps-чиптерді ірі қараның терісінің астына ендіру әдісін өңірде әзірге, бір ғана серіктестік пайдаланады.

Жиын соңында облыс әкімі Басқаның мүлкін ұрлауға қарсы іс-шаралар туралы ведомствоаралық жоспарды бекітті. Жоба 2015-2017 жылдарға арналған. Енді, тиісі нәтижелерге қол жеткізу үшін барлық органдар бірлесіп жұмыс атқаруы тиіс.

 

 

Данаш Хамзина.