МТРА жаңалықтары

СҚО мемлекеттік мұрағаты Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арнап кітап шығармақ

Мереке Баймұқанов – СҚО мемлекеттік мұрағатының бөлім басшысы.

– 1960 жылдардың аяғында 70 жылдардың басында мұрағат қызметкерлері Мәскеу түбіндегі Ресей қорғаныс министрлігінің Падольск орталық мемлекеттік мұрағатына барып, біздің жерлестеріміз туралы құжаттардың көшірмесін түсіріп алып келдік. Сол кезде СҚО шыққан Кеңес одағының батырлары туралы, бірнеше қаулылар бар. Солардың бәрін әкеліп, мөрімен сақтап отырмыз.

Ұлы жеңістің 70 жылдығына арналып, мұрағат тағы бір туындыны жарыққа шығармақ. Кітаптың алғашқы бөлімі 2010 жылы оқырман назарына жол тартқан болатын. Ендігісі «Солтүстікқазақстандық Кеңес одағының батырлары» деп аталады. Жалпы саны- 1000 таралым болып басылады. Ол үшін жергілікті қазынадан 3 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінбек.

Мереке Баймұқанов – СҚО мемлекеттік мұрағатының бөлім басшысы.

– 2010 жылы «СҚО бірінші басшылары» деген кітап шықты. Кейін былтыр «Солтүстік Қазақстандық еңбек ері» атағын алған жерлестірміз туралы кітап шығардық. Енді биыл 70 жылдыққа арнап, кеңес одағының батырын алған жерлестерімз жайлы кітап шығарып жатырмыз. Күзден бастап дайындалдық. Материалдар жиналды. 9 мамырға дейін жарыққа шығарамыз деп отырмыз.

Қазір облыстық мұрағат ТМД елдеріндегі әріптестерімен тығыз қарым – қатынаста. Бірлескен жұмыстың арқасында 2014 жылы Ұлы Отан соғының ардагері, Тайынша ауданының тумасы Николай Зибниций туралы мағлұмат жиналынды. Жерлесіміздің құжаттары сонау Беларусь мемлекетінен табылыпты. Қазір мына құжатта оның соғыс уақытында жазған хаттары сынды бірнеше дерек бар. Жалпы теріскейде 55 жерлесіміз «Кеңес одағының батыры» атағын алған. Тағы 11 -і «Данқ» орденінің ковалері атанған. Айта кеткен жөн, бүгінгі күні облыстық мемлекеттік мұрағатта соғыс жылдарынан сыр шертер 200-ден астам жиынтық папкалар бар.

Джакупов Самат.