МТРА жаңалықтары

Солтүстікқазақстандықтар сайлауға бір адамдай қатысуға әзір

Бахытжан Сәмиева- СҚО Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы (00:48-01:09)

– Елбасымыз біздің алдымызға көптеген мақсаттар қойды. Соны жүзеге асыру тек Елбасымыздың ғана қолында. Ол бізді алға бастырады. Бағдарламалар бар, Экспо және кәсіпкерлерді қолдауға түрлі шаруалар атқарылып жатыр.

Көпбалалы ана Алтынай Белгібаева да Елбасы сайлауға түссе, оның кандидатурасын қолдаймын деп отыр.

Алтынай Белгібаева- көпбалалы ана

– Мен көпбалалы ана ретінде Елбасымыздың әйелдер қауымына жасап жатқан қолдауына ризамын. Әлеуметтік салаға ерекше назар аударады. Мен балаларымның болашағының жарқын болуын қалаймын. Сондықтан ел тізгінін Нұрсұлтан Назарбаев ұстаса екен деймін.

Жиында еліміздегі тұрақтылық пен келісім жайлы да айтылды. Білім, денсаулық сақтау және мәдениет саласында қызмет ететін нәзік жандылар 26 сәуір Президент сайлауында Елбасы өз кандидатурасын ұсынса, оған бірауыздан қолдау көрсетуге әзірміз деп отыр.

 

Магжан Ахмадина.