Спорт

Петропавлда облыстық “Полиция барысы” додасы өтуде

Сайран Қалиев – Шал ақын ауданының ІІБ учаскелік инспекторы

– Мен қазақ күресімен бала күнімнен айналысамын. Қарсыластарыма қарасам барлығы да жоғары деңгейде дайындалыпты. Мен де шама-шарқымша тырысып дайындалдым. Нәтижесін енді көре жатармыз.

“Полиция барысы” аталған турнир облыс бойынша бірінші рет ұйымдастырылып отыр. Десе де, тартысқа қатысуға ниет білдірген тәртіп сақшыларының саны да көп. Бүгін боз кілемге шыққан күрескерлердің барлығы дерлік аудандық кезеңнің чемпиондары. Сондықтан, бұл сында шын мықтыны анықтау да қиынға соқпақ. Сайыс төрешісі Смағұл Аманов бұндай шараларды жиі ұйымдастырып, ұлттық спорттың осы түрін одан әрі дамыта түсу қажет дейді

Смагұл Аманов- сайыстың бас төрешісі

– Бірінші рет ұйымдастырылып жатса да қатысқысы келетіндер көп. Бірақ бүгін тек аудандық кезеңнен өткен балуандар ғана қатыстырылып отыр. Ұлттық спорттың бұл түрі Республикалық деңгейдегі сайыстар қатарына қосылды. Сондықтан әрі қарай дамыту ниетінде жиі өткізіп тұрсақ деген тілегім бар.

Тартысты доданың қорытындысы бойынша барлық жеңімпаз балуандар облыстық құрамаға еніп республикалық кезеңде солтүстік өңірдің намысын қорғайтын болады.