МТРА жаңалықтары

Ел сеніміне ие болған Елбасына таңдау

Геннадий Зенченко – “Зенченко и К” КС бас директоры, Қызылжар ауданы

– Қазақ елін тәуелсіздік алғаннан бері Елбасымыз бастап келеді. Талай қиыншылық артта қалды, мемлекетіміз ауыз толтырып айтарлықтай табыстарға қол жеткізді. Мұның барлығы қазіргі президентіміздің арқасында деп білемін. Енді міне екі айдан кейін сіз бен біз дауыс беру арқылы ел тағдырын шешетін боламыз.

Бүгінде Новоникольск селосында 2000-нан астам тұрғын түтін түтетіп отыр. Ауыл азаматтарының көбі “Зенченко и К” КС-де қысы-жазы еңбек етуде. Ауыл деген аты ғана болмаса, мұнда әлеуметтік нысандардың барлығы бар. Қазіргі таңда селода спорт сарайының құрылысы жүруде. Ауылдықтар кезектен тыс сайлауда өз таңдауларын жасауға бір адамдай барамыз деп отыр.

– Мен зейнеткер ретінде алдағы сайлауда мемлекетті алға жетелейтін кандидатқа дауыс беріп, өз таңдауымды жасаймын. Байқап тұрсаңыз, басқа мемлекеттерде әлеуметтік төлемдер мен зейнетақылар қырсқартылуда. Ал бізде жағдай тұрақты.

– Жұмыс бар, әр жақтан бізге көп адамдар келіп жатыр. Жұмыспен қамтылуда. Мұның бәрі біздің президентіміздің саясатының арқасында деп білемін.

Қалай болғанда да президенттікке үміткер кандидатқа дауыс беру күні де алыс емес. Елді бірлік пен таулыққа ұйыстырып, мемлекетімізді гүлдендіретін ұлт басшысын таңдау – әрбір қазақстандықтың борышы.

 

Бакыт Садуакасов.