МТРА жаңалықтары

“Қазақтелеком” дирекциясының облыстық филиалы өткен жылдың қорытындысын шығарды

Леонид Якубовский – “Қазақтелеком” АҚ ОТД техникалық директоры.

-Интернет пайдаланушылардың саны биыл 61,1 мыңға жетті. Және де 564 мектепте телефон мен интернет орнатылды. Сонымен қатар интерактивті телевидение, яғни ID TV қызметін пайдаланатындардың саны 10 мың 600-ге жетті. Мұнымен қатар 2014 жыл бірқатар ауыл тұрғындарының ғаламторды пайдалану мүмкіндігі туды. Олар үшін біз SkyEdge (скай еч) жерсеріктік жүйесі арқылы ұжымдық қатынау пункттерін орнаттық.

“Қазақтелеком” дирекциясының облыстық филиалы былтырғы жылы бірқатар ауқымды шаралар жүргізіп, жаңашылдықтарды енгізді. Солардың бірі жастар арасында кеңінен тараған бір сим картада қалалық және де ұтқыр нөмірді біріктірген “Әмбебап нөмір” қызметі. Мұны “Қазақтелеком” мен “АЛТЕЛ” АҚ-ы бірлесіп 2014 жылдың желтоқсан айында қолданысқа енгізген. Аз уақыт аралығында сұранысқа ие болған қызмет түрі, жастардан бөлек жеке кәсіпкерлер мен шағын және кіші бизнес өкілдеріне өте тиімді дейді “Қазақтелеком” облыстық телекоммуникация дирекциясының коммерциялық директорының міндетін атқарушы Юрий Гнусин.

Юрий Гнусин – “Қазақтелеком” АҚ ОТД коммерциялық директорының міндетін атқарушы.

-Бұл “Әмбебап нөмірде” тағы үшінші қызмет түрі бар. Ол 4G желісі арқылы іске асатын мобильді интернет. Егер сіздің ұялы байланыс аппаратыңыз 4G желісін ұстамаса, онда 3 не болмаса 2G арқылы ғаламторға тегін шығуға болады, бірақ оның жылдамдығы сәйкесінше баяу болады. Бұл қызметте қала нөмірлері мен АЛТЕЛ желісінің ішінде тегін қоңырау шалуға болады. Ол күнде жұмыс бабымен жүретін адамдар үшін өте тиімді.

Компания үшін өткен жыл табысты болғанымен алға қойған жоспарлары ауқымды. Олар өңіріміздің барлық аудандарын 4G желісімен қамту мен интерактивті телевидение нарығын дамыту мақсатын көздеп отыр.

 

 

Риат Шони.