МТРА жаңалықтары

Өңір орманшылары жылды қорытындылады

Қабиден Сәдуақасов- СҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы.

-Ағаш отырғызып, тоғайларды тазаламаған және де орманды пайдаланғаны үшін қарызын өтемегендер жетерлік. Айталық, «Петерфельд Агро» және де «Аби-жер» ЖШС тазалау жұмыстарын жүргізбеген. Ал «Сапарғалиев» ЖК 1 млн теңгеден астам соманың қаразын әлі күнге дейін өтемеген. Бұдан өзге Қызылжар, Олиногорск және Аққайың орман шаруашылықтарында ағаштарды санитарлық кесу жұмыстары толық жүргізілмеген.

Өткен жылы ормандарды заңсыз кесудің 33 фактісі тіркеліпті. Бұл ретте жиынға қатысқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров мекеме басшыларының салғырт жұмысын сынға алды. Техника болса жетерлік, былтыр тағы 7 көлік пен 2 трактор алынған. Алайда заңбұзушылықтар орын алуда. Шаруаға ден қоймайтындар жұмыс орындарын босатсын деді өңір жетекшісінің бірінші орынбасары. Ормандарды қалыпқа келтіру жайы да ақсап тұр. Олқылықтар бірқатар аудандарда қайталануда. Ағаш өнімдерін шығырып, одан пайда тауып жүрген «Ахмутдинов» ЖК директоры Сермұхамет Оралұлы табиғаттан алынған жасыл желекті қайтару – әр орман пайдаланушысының міндеті дейді.

Сермұхамет Оралұлы- «Ахмутдинов» ЖК директоры.

-Шаруашылықтың алдындағы мақсатымыз – ағаш кесіп, оны пайдалануға шығырған күннің өзінде, оны қалыпқа келтіру қажет. 1 га кессек, оның орнына 2 га отырғызу керекпіз. Шығарып отырған өніміміз бізде ғана емес, Алматы, Қарағанды облыстарында да сұранысқа ие. Қазір өнімдердің 30 пайызы экспортқа шығаруға даяр.

Өткен жылы қызыл жалын теріскей тоғайларында 7 рет шарпыған. Салдарынан 24 гектарға жуық алқап отқа ораныпты. Табиғатқа келген шығын 195 мың теңгеден асады. Бұл бағытта орманшылар бірқатар жұмыстарды қолға алуда. Мысалы, қарамағына 33 мың гектардан астам алқап кіретін «Ақан сері» орман шаруашылығында соңғы 5 жыл көлемінде бірде-бір ірі өрт оқиғалары тіркелмепті. Қазір мұнда 42 орманшы еңбектенеді. Тағы 4 трактор, 12 автокөлік бар. Орманшылар үстіміздегі жылы да қызыл жалынды болдырмауға тырысамыз деп отыр.

Өмірсерік Қаратаев- «Ақан сері» орман шаруашылығы МКМ директоры.

-2014 жылы материалдық базаны біршама күшейттік. 2015 жылы да өртке қарсы құралдарды алуға бағытталған бағдарлама бар. Сондықтан үстіміздегі жылы да өртті болдырмаймыз деген ойдамын.

Кейін жиналғандар алдында СҚО орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының басшысы – Ережеп Жанатаев есеп берді.

Ережеп Жанатаев- СҚО орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы басшысы.

-Өткен жылы заңсыз аң аулаудың 13 фактісі тіркелді. Браконьерлер 37 жануарды өлтірген. Бұл фактілер бойынша 11 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылса, 8-не әкімшілік жаза қарастырылған. Келтірілген шығын 9 млнн теңге маңайында.

Жиынды қортындылаған аймақ жетекшісінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров кездесу барысында сөз болған барлық олқылықтарды түзету қажеттігін айтты.

 

 

Магжан Ахмадина.