МТРА жаңалықтары

Облыста “Солтүстік Қазақстанда жасалған” атты акция бастау алды

Ерлік Мұхамеджанов – “Қазақстан 2050” Жалпыұлттық қозғалысының СҚО бойынша үйлестірушісі.

-Біз неге халықты Отандық тауарды сатып алуға шақырамыз? Себебі олар табиғи таза және де патриоттық тұрғыдан қарағанда дұрыс.

Бүгін дүкен аралап, сауда жасауға келгендерідің бірі – Анель Жәнібекова. Нәзік жанды осындай шараның ұйымдастырылғаны тұтынушыларға жергілікті тауар өндірушілер жайлы біліп, олардың өінмдерін таңдауға септесетінін айтады. Өзі болса, сауда жасағанда себетін Қазақстанда әзірленген тауармен толтыруға тырысады. Өйткені жергілікті өнімнің сапасы көңілінен шығатын көрінеді.

Анель Жанибекова.

-Мен өзіміздің азық-түлікті әрдайым тұтынамын. Әсіресе Солтүстік Қазақстанда жасалған тауарларды алып тұрамын. Оларға сенім мол. Әрі сапасы жоғары.

Акция аясында әлеуметтік желіні жиі пайдаланатындар үшін конкурс та бастау алды. Онда әрбір тұтынушы біздің өңірімізде өндірілетін тауарды сатып алғаннан кейін, суретке түсіп, инстаграмм әлеуметтік желісіне жіберуі шарт.

Әсемгүл Есқожа – “Ардис” Азаматтық бастамаларды дамыту орталығының директоры.

-Конкурстың шарттары кем дегенде үш тауармен суретке түсіп, әлеуметтік желіге салу қажет. Бұл шара 22 наурызға дейін жалғасады.

Сонымен қатар, жас белсінділер автокөлік иелерін де отандық өнімді сатып алуға шақырып, олардың автокөліктеріне “Жергілікті тауардың тұтынушысы бол” деген жазуы бар стикерлерді жапсырды.

 

 

Риат Шони.