МТРА жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарлама қарқынды жүзеге асырылуда

Дәулет Қалиасқаров- қалалық тұрғын үй инспекциясының басшысы.

-Бөкетов көшесі бойындағы 14 және 2-ші, Қазақстан Конституциясы 16, Қ.Сатпаев 2, Хименко 8, тағы 2-ші Заречная 58 мекен жайларында орналасқан 6 баспанада жөндеу жұмыстары әлі аяқталмаған. Онда үйдің сыртқы бөлігін бояу, жылу жүйесін алмастыру сынды шаруа жасалмады. Өйткені оны қысқы уақытта еңсеру мүмкін емес. Сондықтан олар жылу маусымы аяқталғанда атқарылады.

Сонымен қатар, жиында қалалық мәслихат депутаты Виктор Ли өз учаскесінде атқарылған жұмыстар жайында есеп берді.

Виктор Ли- қалалық мәслихат депутаты.

-Тұрғындармен үнемі кездесу өткізіп тұрамын. Халықты көбіне осы тұрғын үй мәселесіне қатысты сұрақтар толғандырады. Әрине олардың барлығын шешуге тырысамын. Түйіні тарқамағандарын жоғары жаққа жіберемін.

Айта кеткен жөн, биылғы жылға тұрғын үй-коммуаналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасын іске асыруға 136 млн. теңгеден астам қаржы бағытталыпты. Жалпы жиында облыс орталығын көркейтуге қатысты бұдан өзге де мәселелер қарастырылды.

 

 

Магжан Ахмадина.