Без категории

Етікпен қан кешкен ардагер

1942 жылы болған бұл оқиғаны Ұлы Отан соғысының ардагері Владимир Корихов көзіне жас алып, есіне алады. Себебі ол соғыста айырылған жолдасын мектеп қабырғасынан білетін еді. Өрімдей жігіт 17 жасында әскери комисиариатқа шақыртылып, кейін майдан даласына аттанады.

Владимир Корихов – Ұлы Отан соғысының ардагері.

-Бізді алғашында Кизляр қаласында соғысқа дайындады. 1 ай уақыт ішінде тынымсыз әзірлендік. Қараудан атып, түрлі айла тәсілдермен тактикаларды меңгердік. Командиріміз бізге әркез: «Соғыс аяқталған соң, сендердің жартыларыңыз тірі қалсаңыздар, менің еңбегімнің зая кетпегені» деп айтатын.

Дей тұрғанмен, қанды шайқас сыныптас 12 сарбаздың көпшілігінің өмірін қиды. Сөйтіп, алғашында ардагер Грозный қаласын қорғауға ат салысты. Кейін 9-шы Кубандық казак-кавалериялық гвардиялық дивизиясымен бірге Ростов-на-Дону қаласын жаудан азат етті. Сол жерде жерлесіміз, жақын жолдасынан айырылады. 1942 жылдың соңында Владимир кеудесінен жараланады. Осылайша біраз уақыт госпитальде ем қабылдаға тура келеді.

Владимир Корихов – Ұлы Отан соғысының ардагері.

-Сол кезде госпитальға командиріміз келіп, бізден: «10-шы сыныптан кім бар?» деп сұрады. Мен деп жауап бердім. Сосын ол кісіден артилерияда барлаушы болып әскери қызмет атқаруға сұрандым.

Бүгінгі күні ардагердің көптеген наградалары бар. Мәселен мына медальдардың барлығы жауынгерлік қызметі және қаһармандығы үшін берілген. Ал мынау – ардагерге Украина қаласын неміс басқыншыларынан босатуға ат салысқаны үшін табысталыпты. Айта кету қажет, майдангер Ұлы жеңісті Югославия қаласында қарсы алған екен.

Владимир Корихов – Ұлы Отан соғысының ардагері.

-Соғыс аяқталғанда қуанышымызда шек болмады. Жеңістің құрметіне барлығымыз аспанға оқ жаудырдық. Енді алдағы уақытта мұндай соғыс болмасын дегім келеді.

Осыдан үш күн бұрын қария 90 жасқа толған мерейтойын атап өтті.

 

 

Самат Джакупов.