Қоғам

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске үлес қосқандардың барлығы бірыңғай мерекелік медальға ие болады

Ольга Букина, Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары.

-Биыл соғысқа қатысқан және сол жылдары еңбек еткен адамдар мерейтойлық медальдармен 14 санат бойынша наградталады. Олар ҰОС-на қатысушылар, соғыстан мүгедек болып қайтқандар, ҰОС-ның партизандары мен оларға теңестірілген тұлғалар. Сондай-ақ, мерейтойлық медальдарды 1944 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1951 жылдың 31 желтоқсаны аралығында Украина, Белорусь, Литва, Латвия, Эстон аумақтарын жаудан азат етуге қатысқан адамдар алады.

Сондай-ақ, Елбасы жарлығына сәйкес, соғыс жылдарында 2 мәртебе алған жандарға да бірыңғай мерекелік медаль табыс етілетін болды. Мысалы, үміткер адам көп балалы ана және тыл еңбеккері болуы мүмкін. Немесе, ол соғыс ардагерінің жесірі және қанды майдан жылдарында тылда кемінде 6 ай жұмыс істесе, төс белгіні алуға үміт арта алады.

Ольга Букина, Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары.

-Бұл жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында қала әкімдігінің жанынан мерекелік төс белгілерді тапсыру бойынша жұмыс тобы құрылды. Оның құрамында мемлекеттік органдардың, қоғамдық және ардагерлер ұйымының өкілдері бар. Аталған естелік белгілерді тапсыру қала кәсіпорындарында, мәдениет, білім беру мекемелерінде жүргізіледі. Төс белгілердің көп бөлігін жұмыс тобы ардагерлердің үйлеріне жеткізеді.

Десе де, кей азаматтардың тұрғылықты мекен-жайы мен телефон нөмірін анықтауда бірқатар қиыншылықтар туындайтын көрінеді.

Ольга Букина, Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары.

-Қазір кейбір ҰОС-ның ардагерлері, тыл еңбеккерлері тұрғылықты мекен-жайы мен телефон нөмірін өзгертті. Соған байланысты бізге ол адамдарды табу қиынға соғады. Сондықтан олар қалалық жұмыспен қамту және әлеуметік бағдарламалар бөліміне өздері хабарласса деген өтінішіміз бар.

Қосымша ақпаратты 40-05-93 және 40-05-88 телефон нөмірлері немесе театр көшесі, 36 мекен-жайында орналасқан қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміндегі 8-10-кабинеттерден алуға болады.

Айта кеткен жөн, бірыңғай мерейтойлық медальға қайтыс болған ардагердің туыстары үміт арта алмайды.

 

 

Берик Касен.