Қоғам

“Тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламсы” өңірімізде қарқынды түрде жүруде

Галина Чудинова – баспана тұрғыны.

-Бұрын жертөледегі кәріздік құбырлар дұрыс істемейтін. Үнемі нәжіс сонда ағып, көптеген проблемаларға тап болатынбыз. Ал қазір барлығы жөнделіп, ескілері жаңасына алмастырылды. Тұрғындар бұл жұмыстарға ризамыз.

Негізі 1964 жылы қаланған көпқабатты баспанада бүгінде 45 отбасы тұрады. Олардың ішінде Ұлы Отан соғысының ардагері де бар. Былтырғы жылы жүргізілген жөндеу жұмыстарында подъездегі терезелер мен үйдің шатыры жаңартылыпты. Бұрын жауын-шашын болғанда, ағынды су жоғары қабаттардағы пәтер иелерін біраз әуреге салатын. Ал қазір бұл мәселе толығымен шешілген.

Любовь Ануфриенко – “Қазақстан Конституциясы 32” ПИК төрайымы.

-Біз 2012 жылы пәтер иелері кооперативін құрып, 2 жылдан кейін мемлекеттік бағдарламаға жүгіндік. Ел қазынасынан 15 жылға несие беріліп, жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Жөндеу жұмыстарының барысында подъездердегі кіре беріс есіктер, шамдар алмастырылып, қабырғалар әктелді. Шаруаны “Мирас group” ЖШС-і тындырды. Оларға шексіз алғысымызды айтамыз.

Ендігі кезекте тұрғындар аулаларына асфальт төсеуді көздеп отыр.

 

 

Риат Шони.