Қоғам

Президент сайлауын өткізу идеясын ардагерлер де қолдауда

Александр Липовой- Петропавлдың құрметті азаматы.

-Петропавл қаласына жолдама бойынша 1948 жылы келдім. Ол кезде шаһар шағын ғана болатын. Мен темір жолдағы электр станциясының басшысы болатынмын. Сол жерде тың және тыңайған жерлерді игеру басталғанша еңбек еттім. Кейін жаңадан құрылып жатқан савхоздарды жарықпен қамтамасыз ету керек болды. Бұл жұмыстарды біз 10 жылға жеткізбей аяқтадық.

Александр Липовой құрмет демалысына шыққан соң да қол қусырып отырмай, облыстағы өнеркәсібтің дамуына араласады. Қазір бейнетінің зейнетін көріп отырған ол, еліміз тәуелсіздік алған жылдарды жиі есіне алады. Мемлекетіміздің әр тәй-тәй басқан қадамы нық болатын. Сондықтан да бүгіндері Қазақстан әлем таныған елге айналды дейді Александр Егорович.

Александр Липовой- Петропавлдың құрметті азаматы.

-Қазір әлемде экономикалық дағдарыс белең алған. Ол барлық қарқынды дамыған мемлекеттердің ісін тежеп отыр. Ал біздің Елбасымыз осындай жағдайларды бұрынан болжап, соған қарсы әрекет етті. Соның арқасында еліміз қиындықтарды сезбей келеді. Елбасымыз дер кезінде түрлі мемлекеттік бағдарламаларды қолға алып, республикамызды алға жетеледі. Жалпы өз басым сайлауды өткізу ұсынысын дұрыс деп санаймын. Ол Қазақстанның одан әрі алға жылжуына жол ашады.

Александр Липовой 86 жасқа келсе де, әлі де белсенді. Қалада өтетін түрлі шаралардан қалмайды. Сондықтан, сайлау бекітілетін болса, алғашқылардың бірі болып, ел тағдырын шешетін таңдау жасауға әзір отыр.

 

Магжан Ахмадина.