Бизнес және экономика

Әлемде экономикалық тұрақсыздық уақытында қол қусыруға болмайды

Елена Левина – «Левин» ЖК бас директоры, Қызылжар ауданы.

-Кәсіпорында осы күнге дейін берде-бір қысқарту болған емес. Болмайды да. Өйткені тапсырыс бар. Оның үстіне біз жұмысшылар санын азайтпауға қатысты аудандық әкімдікпен меморандум жасастық. Қызметкерлеріміздің барлығы өз ісінің шеберлері. Бүгінгідей қиын-қыстау кезеңде тұралап қалуға болмайды. Керісінше кәсіпорын жұмысын жандандыруымыз қажет.

Қазіргі таңда «Левин» жеке кәсіпкерлігі жиһаздың 50-ге жуық түрін шығарады. Сауда орнында тек орындықтың ғана 18-түрін кездестіруге болады. Бастысы соңғы кездері өнімге сұраныс жоғары болғандықтан кәсіпорын кірісі ұлғайып, жиһаз бірден еліміздің түкпір-түкпіріне жол тартады. Мұның бәрі шағын және орта бизнес өкілдеріне жағдай жасап жатқан көреген Көшбасшымыздың арқасы дейді, азаматша.

Елена Левина – «Левин» ЖК бас директоры, Қызылжар ауданы.

-Мен кезектен тыс Президент сайлауын ұйымдастыру идеясын қолдаймын. Себебі біз Елбасымен бірге дағдарыстан аман – есен шығамыз. Бұл ретте жұдырықтай біріксек ғана болашақта нәтиже болады. Сондықтан әрбір қазақстандың мұны құптайды деген ойдамын.

Кәсіпорында екі қолға бір күрек тапқан жандардың бірі – Наталья Черкасова. Бас есепші мұнда 2007 жылдан бастап еңбек етіп келеді. Ол мекемеде жұмысшылардың табысының уақытылы берілуін жіті қадағалайды.

Наталья Черкасова – «Левин» ЖК бас есепшісі.

-Жұмысым өзіме ұнайды. Мұнда біз үшін барлық жағдайлар жасалған. Кәсіпорында қызмет істейтін мен секілді азаматтардың барлығы еңбекақыларын уақытылы алып тұрады.

«Левин» жеке кәсіпкерлігі биылдан бастап қуыршақтарға арналған жиһазарды шығаруды жоспарлап отыр.

 

 

Самат Джакупов.