Қоғам

Жауды есінен тандырған танкист

– Город надо было брать Пиллау, это последний клочок земли был, где немцы были на третьем Белорусском фронте.

Бірде, ұрыс даласында жүргенде танк батальоны батпаққа батып қалады. Сол кезде тек жерлес командирдің техникасы ғана неміс аэродромына өте алған. Гершунов зеңбірегін немістердің орына көздеп, жалғыз өзі жауды тұтқынға алуға аттанады. Сол кезде абыржып қалған қарсыластар оқ атуын тоқтатқан. Араларынан тек жалғыз неміс офицері шыққан.

Анатолий Гершунов – Ұлы Отан соғысының ардагері.

-Сол кезде мен неміс жауынгерлеріне қаруларын тастап, тұтықынға беріліңдер дедім. Олар маған жауап ретіне түсіндік деді де қаруларын тастап, ақ жалауларын көтерді.

Алайда бұл кезде бұйрықты елемегендер де болды. Сонда бес бірдей неміс солдатына капитан әдейі барып бетпе-бет кездеседі. Себебі үшеуінде автомат, қалған екеуінде винтовка қарулары болған екен. Тағы бір мәрте қаруларыңды түсіріңдер деген танк жүргізушінің бұйрығын неге екені белгісіз, қарсыластар бұлжытпай орындайды.

Анатолий Гершунов – Ұлы Отан соғысының ардагері.

-Бәрін тастады. Сол кезде менің сол жағымда ірі денелі жас неміс солдаты тұрған еді. Мен оны қарумен алға жүр деп нұсқап едім, бірақ ол менің қолымнан винтовкамды жұлып алып жерге лақтырды. Нәтижесінде мылтығым жарамсыз болып қалды. Ал ол қалтасынан шнапс бөтелкесін алып, маған берді.

Сол кездегі ұрыста кем дегенде 300-ге жуық неміс солдаты мен офицері қаза табу керек еді. Өйткені олардың орларын кеңес әскерінің танктері еркін ойрандар еді. Абырой болғанда, барлығы дін аман қалды. Солардың ішінен Гершунов қолында ішімдігі бар батыл жігітті есінде сақтап қалған.

Анатолий Гершунов – Ұлы Отан соғысының ардагері.

-Менің қасымдағылар маған: «Жолдас капитан тұтқындағылардың бәрін атып тастайық» деді. Мен оларға ешкімге тиспеңдер деген бұйрық беріп алға жүруді нұсқадым.

Міне арада 70 жыл уақыт өтті. Ардагердің ендігі арманы сол кезде тұтқында болған азаматпен жүздескіссем дейді, әрине тірі болса.


 

Самат Джакупов.