МТРА жаңалықтары

Тәуелсіз елімізде тұңғыш рет имамдар форумы өтті

Руслан Қайыргелді – Тайынша ауданының бас имамы.

-Жалпы форум Діни Басқарманың толеранттылығын байқатады, онда өзге де дін өкілдері болды. Сонымен қатар алқалы жиында “Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы”, “Қазастан мұсылмандары Діни Басқармасы қызметкерлерінің этикасы” және де “Имамның тұлғалық келбеті мен мұсылманның тұлғалық бейнесі” атты бірқатар құжаттар қабылданды.

Қазіргі таңда елімізде де Ислам халифатын орнатамыз деген ұран ұстанып, діни дүрдараздық пен бүлік тудыратын теріс ағымдар баршылық. Елордада өткен кездесуде осы бағытта тың жұмыстар атқару қажеттілігі қозғалып, имамдардың біліктілігін арттыру мақсатында олардың Араб әмірліктері мен өзге де шет елдерге тәлім алуға жіберілетіні айтылыпты. Бұл бағытта Руслан Қайыргелді форумнан орала салысымен өз ауданынада да түсіндіру жұмыстарын жүргізген екен.

Руслан Қайыргелді – Тайынша ауданының бас имамы.

-Тайынша ауданында теріс ағымдардар сақтау мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мешітте аптасына 2 рет ақшам намазынан кейін арнайы сабақтар өтеді.

Жалпы республикалық бірінші имамдар форумында былтырғы “Дін мен дәстүр” жылын 2017 жылға дейін ұзарту керек деп шешіліпті

 

 

Риат Шони.