Балалар

Өңір жастары ҚХА бастамасын қолдап отыр

Владимир Витченко – СҚО жас депутаттар ассоциациясының төрағасы.

-Қазірде бастама халық арасында толық қолдау тауып, қоғам арасында оң пікірлер айтылып жатыр. Халықаралық шиеленістер үдеп, жаһандық экономикада дағдарыс көрініс тауып жатқанда ел ішінде саяси тұрақтылық орнатудың маңызы зор деп білемін. Бұл тұста Нұрсұлтан Назарбаевтың ұстанған саясаты көпке үлгі.

Жастар саяси маңызы бар науқанды кейінге шегермей, биыл өткізу идеясын ұстануда. Елімізде жастарды қолдауға бағытталған түрлі мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. “Дипломмен ауылға”, “Жастар тәжірибесі”, “Жасыл ел” жобалары өз нәтижесін берді. Яғни олардың әр бірі келешек ұрпақтың қоғамда өз орнын табуларына септесті.

Думан Закирин – Қызылжар ауданы жастар және балалар бастамалар орталығы директорының міндетін атқарушы.

-Қазіргі таңда Еуропа және әлем елдерінде экономикалық дағдарыс болып жатыр. Жастар мәселесіне келер болсақ, жұмыссыздық көп пайда болуда. Өзіміздің елге келер болсақ, қазіргі таңда өзіміз байқағандай жастарға көптеген назар аударылып жатыр, көп есіктер ашық.

Қалай болғанда да президенттік сайлауды мезімінен бұрын өткізу туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасына – соңғы нүктені Елбасы қоймақ.

 

 

Бакыт Садуакасов.