МТРА жаңалықтары

Өңір полицейлері шаңғы спортынан бақ сынасты

Виктор Букреев – СҚО ІІД бастығының орынбасары.

-Бұл шара Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл толуына арналып отыр. Қазіргі таңда полицей қылмыспен күресе жүріп, спортпен де шұғылдануы керек.

Тартысты сайыста мәре сызығын алғашқы болып ІІД-ің аппараты кесті, олардан кейін Петропавл қалалық ІІБ-ың шаңғшылары келсе, үздік үштікті Есіл аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері тұйықтады.

Сағындық Темереев – Тайынша аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орыныбасары.

-Бұл жарысқа біздің ауданнан 4 қызметкер қатысты. Сайыста ұйымдастырғандарға алғысымды айтамын.

Жарыс қорытындысы бойынша барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубок және грамоталармен марапатталды. Айта кеткен жөн, ішкі істер департаментінде осы сынды спорттық сайыстар жиі ұйымдастырылып тұрады. Мәселен, қаңтар айында тәртіп сақшылары шайбалы хоккейден мықтыны анықтап көрген болатын.

 

Риат Шони.