Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыстық саясаткер-әйелдер клубының кезекті отырысы өтті

Мүкарам Тайжанова – М. Қозыбаев атындағы СҚМУ проректоры.

-Әрине, атқарушы органдарда әйелдердің санын арттыру, ол үшін білікті болу керек, білімді болу керек. Біздің Президентіміз әйелдерге көп көңіл бөліп келеді. Талай мәселелер шешіліп жатыр, қолдауды көріп жатырмыз.

Сондай-ақ, жиында Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының президенті жергілікті ұйым мүшелеріне нақты тапсырмалар жүктеді. Соның бірі – өңірдің 13 ауданында көшбасшы әйелдер мектебін құру мәселесі.

Раушан Сәрсембаева – Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының президенті.

-Әр ауданда көшбасшы әйелдер мектептерін ашқан жөн. Бастапқыда жұманың әр сенбісі күндері тренингтер мен шеберлік сыныбын өткізсе болады. Осы жағын ойластырып, тездетіп шешім шығарған абзал.

Бүгінде нәзікжандылар қоғамның қай саласында болмасын ерлермен теңдей иық тіресіп қызмет етіп келеді. Әйелдердің жұмысқа асқан жауапкершілікпен қарайтыны да жасырын емес. Әсіресе, соңғы жылдары елімізде депутаттық корпуста, тіпті облыс әкімдерінің орынбасарлары қызметіне тағайындалған әйелдердің үлесі артып отыр.

Бахытжан Сәмиева – СҚО іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы.

-Біздің мемлекеттің қолдауы бар. Елбасының қолдауы бар. Көздеріне қарасаңыздар, жарқылдап тұр. Ойлаймыз жұмысымыз алға басады деп. Әйел азаматтарды көбірек депутат қылу керек. Үйретеміз оларды ауылдарда әкім болуға мүмкіндік береміз.

Басқосу соңында Солтүстік Қазақстан облысының саясаткер әйелдер клубынының жаңа басшысы тағайындалды. Енді бұл жауапты қызметті облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова атқармақ.

 

 

Бакыт Садуакасов.