Қоғам

Ел дамуы үшін Президент сайлауын өткізу қажет

Ескендір Елеусізов, СҚО ардагерлер кеңесінің төрағасы.

-Президенттік сайлаудың биыл өткізілуі елімізді дамытуда маңызды рөль атқаратынына сенімдімін. Себебі бұл сайлау сыртқы экономикалық дағдарыстың кері ықпалын табысты еңсеруге көмектеседі деп ойлаймын.

Амангелді Кинжегузинов 2016 жылы Президент пен Парламент сайлауын қатар өткізу конституциялық заңға қайшы келеді әрі ел экономикасына ауыр салмақ салады деген ойын жеткізуде.

Амангелді Кинжегузинов, СҚ ардагерлерінің әлеуметтік қорғау комиссиясының төрағасы.

-Біз президенттің қолға алып жатқан бағдарламаларына көңіл бөліп, қолдап. Осы сайлауды жақсы өткізуге бәріміз тырысуымыз керек.

Дөңгелек үстелге қатысқан 30-ға жуық белсенді өмірлік ұстанымы бар зейнеткер
Елбасын қолдап, мақсат пен мүддеміз бір болған жағдайда болашақта дамыған 30 елдің қатарынан көріне аламыз деген тоқтамға келді.

 

 

Берик Касен.