Білім

Жерлес оқушылар жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауында жүлдегер атанды

Енді бір талантты жастың бірі – Максим Сухов. Бозбала осымен 3-ші жыл қатарынан бетулинді зерттеумен айналысып келеді. Оның айтуынша, қайың ағашынан алынатын шырын, қатерлі обыр ауруына қарсы таптырмас емі бар көрінеді.

Максим Сухов – облыстық дарынды балаларға мамандандырылған “Лорд” мектеп-лицейінің оқушысы.

-Химияға деген қызығушылығым ерте кезден оянды. Кейін түрлі тәжірибелер жасап, осылайша химия саласына деген құмарлық артты. Ғылыми жобамның сәтті шыққандығын қазақстандық ғалымдар былтыр мойындаған. Алда – АҚШ өтетін байқауда бағымды сынағым келеді.

Жалпы республикалық ғылыми жобалар байқауында облыс намысын 24 теріскейлік мектеп оқушысы қорғаған. Соның арасында 11 ғылыми жұмыс әділқазылар алқасының назарына ілігіп, жүлделі орындарға тұрақтапты.

Наталья Сербина – СҚО білім басқармасы “ақпараттық технологиялар және әдістемелік жұмыс орталығының” дарынды балалармен жұмыс жөніндегі аға әдіскері.

-Ғылыми сайысқа бірінші және екінші сыннан мүдірмей өткен облыстық кезеңнің жүлдегерлері қатысу мүмкіндігін ие болды. Сеніміміз ақталды десек болады, республикалық кезеңде жергілікті оқушылар жақсы нәтиже көрсетті.

Айта кету керек, жерлес оқушылар бұл байқауда жалпыкомандалық есепте 2-ші орыннан көрінді.

 

 

Бакыт Садуакасов.