Мәдениет

Солтүстікқазақстандықтар жерлес жазушы Герольд Бельгерді еске алды

Сабыр Ибраев, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты.

-Бала кезімде Сергеев ауданы, Тереңсай ауылына әкеммен еріп барғанда Герольд Бельгердің әкесі Карл Ведорович Бельгерді көрдім. Ол кісі сол ауылда фельдшер болатын. Герольдтың әкесі еңбекқор, халық арасында сыйлы еді.

Кейін конференцияға жиналғандар жазушы, аудармашы Герольд Бельгердің өмірі мен шығармашылығына тоқталды. Герольд Бельгер Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін бітірген. Еңбек жолын мектепте мұғалім болудан бастайды. Кейін “Жұлдыз” журналында әдеби қызметкер болып еңбек еткен. 50-ге жуық кітаптың авторы. Шығармаларын қазақ, неміс, орыс тілдерінде жазған. Оның туындыларын Людмила Бейлова құмарта оқитын көрінеді.

Людмила Бейлова, “Видергебурт” СҚО-тық неміс мәдени орталығы” ҚБ мүшесі.

-Герольд Бельгер бала кезінен қазақ ортасында ер жетіп, қазақ халқына тән адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіріп өсті. Сол болмысымен ол көпшілікке сыйлы болды. Бүгінде оның барша Қазақстан халқы мақтан тұтады.

Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері – Герольд Бельгер ақпанның 7-сі 81 жасқа қараған шағында жүрек талмасынан көз жұмды. Оны алматылықтар өз өтініші бойынша Кеңсайдағы зиратқа жерледі.

 

 

Берик Касен.