Аптадағы маңызды жаңалықтар

Іскер әйелдер қауымдастығының өкілдері өңірдегі бірқатар кәсіпорындарды аралады

Раушан Сәрсембаева- Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы.

-Маркетинг дегеніміз – тар мамандық. Оларды кәсіпорын үшін қайта даярлау қымбатқа түседі. Қазір сол мақстата бізге Еуропалық қайта құру және даму банкі көмек көрсетуде. Олар кәсіпорындарға мамандар оқыту үшін грант беріп жатыр. Мұнымен қоса, тәжірибе жинақтау үшін шетелдерден арнайы қызметкерлер алып жатыр. Сондықтан қолдаудан бас тартпай, пайдаланған жөн.

Кейін іскер әйелдер қауымдастығының өкілдері кәсіпорын басшысын форумға қатысуға шақырды. Бұдан соң қонақтар «Қазнефтегазмаш» АҚ соқты. Мұнда мұнай мен газ шығаруда қолданылатын арнайы құрал-жабдықтар мен қондырғылар құрастырылады. «Әйел бір қолымен бесікті, екіншісімен әлемді» тәрбетеді демекші, бұл зауыттың да директоры әйел азамат.

Раушан Сәрсембаева- Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы.

-Біз форум алдында өңірдегі әйел азаматшалар басқаратын кәсіпорындарға әдейі келіп отырмыз. Олардың жұмысымен жақынырақ танысқымыз келеді. Бүгіндері кәсіпкерлікте жүрген нәзік жандылардың қандай проблемасы бар, нендей көмек керек? Соны білгіміз келеді. Оларға барынша қолдау көрсетуге даярмыз.

Айта кеткен жөн, бүгіндері Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының құрамында 5 мыңнан астам нәзік жанды бар.

 

 

Магжан Ахмадина.