Спорт

Петропавлда жол талғамайтын көлік тізгіндеген әуесқой жүргізушілер арасында облыстық чемпионат өтті

Артем Дубровенский – жарыс жеңімпазы.

-Турнирдің өтетіндігін кеше естідім. Сондықтан да аса қатты дайындық болған жоқ. Машинамның мені орта жолда қалдырмайтынына сенімді болдым.

Қазірде қыздар да ерлермен бірдей рөлді басқаратыны белгілі. Оған дәлел чемпионатта ерлермен теңдей дәрежеде “Нива” автокөлігін тізгіндеген Мария есімді нәзікжандының қатысуы. Дегенмен, бұрымды жүргізушіге белгіленген дистанцияны бағындыру қиынға соқты.

Мария Вржец – жарысқа қатысушы.

-Мәреге соңғы келіп жетсем де, еш мойымаймын. Тәжірибем аз болғандықтан, артта қалып қойдым.

Көліктер жарысында сонау кеңес үкіметі кезінде зауыттан шыққан “ГАЗ69” маркілі машинасын да кездестіруге болды. Сондықтан да болар, бұл көне көлік көрермендердің көз қуанышына айналды.

Владимир Гнедко – жарысқа қатысушы.

-Қалың қарды бағындыру қиынға соқпады. Темір тұлпарым ескі болса да, әлі талай қызмет етуге даяр.

Жалпы әуесқой көлік жүргізушілерінің чемпионатына кез-келген жерлесіміздің қатысуына мүмкіндігі болды, – дейді ұйымдастырушылар.

Алексей Бибиков – жарысты ұйымдастырушы.

-Чемпионатқа қатысатын көліктерге қойылған басты талаптың бірі – қозғалтқыш көлемі 3,5 текше метрден аспауы тиіс. Оған қоса жүргізушінің кемінде 5 жылдай өтілі болуы қажет.

Ұйымдастырушылар аталмыш тунирді алдағы уақытта да өткізуді жоспарлап отыр.

 

 

Бакыт Садуакасов.