Мәдениет

Петропавлда эстрада симфонилық оркестрінің кеші өтті

Скрипкада ойнауды бес жасынан жанына серік еткен жас дарынның шеберлігі жергілікті халықтың көңілінен шықты.

Далер Далишев – Қазақ Ұлттық өнер университетінің оқушысы.

-Мен бұл туындыны венгерлік стильдегі рондоны орындаймын. Ол өте ауыр. Бұны мен емтиханда бір рет ойнағанмын. Бүгін теріскейліктердің көңілінен шықтым деп ойлаймын.

Кеште скрипкадан бөлек флейта, виолончель, гобой сынды аспаптардан әлем композиторларынынң атақты шығармалары орындалды. Мәселен, бұл Фридрих Швиндельдің флейтаға арналған концертінің бірінші бөлімі.

Әсет Әбдірахманов – СҚО филармонияның дирижері.

-Біздің оркестр осы сынды концерттерді жиі өткізуге тырысады. Еліміздің түрлі қалаларынан өнерпаздарды машықтандыру үшін концерттерге шақырамыз. Жалпы бүгінгі кеште Вивальди, Ганди сынды композиторлардың туындылары орындалады.

Жалпы өнер иелерінің бүгінгі кеші жерлестеріміздің көңілінен шықты.

-Менің мұнда келген себебім маған симфониялық оркестрдің ойнағаны ұнайды. Әсіресе скрипканы сүйіп тыңдаймын.

-Мен классикалық музыкаға қатысты шараларды қалт жібермеуге тырысамын. Өйткені концерт – ол бір мереке. Бұндай музыкадан мен ләззат аламын.

 

 

Риат Шони.