Без категории

Ұлы Отан соғысы мен Ауған соғысының ардагерлері оқушылармен кездесті

Ал, Ауған соғысының ардагері Қосман Бегалинов шайқаста барлаушы қызметін атқарған. Әрі ол сол кезде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің подполковнигі болды. Кеудесінде 10-нан астам орден-медалы бар. Мұны жауынгер Отанды қорғаудағы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін алған.

Қосман Бегалинов, Ауған соғысының ардагері.

-Еліміздің тәуелсіздігін сақтап тұру үшін кейінгі ұрпақ саналы, физикалық тұрғыдан мықты болуы қажет. Оларға осы бастап ерлік, абырой деген ұғымдарды терең ұғындыру керек.

№42 орта мектептің мұғалімдері мен оқушылары жауынгерлерге арнап шағын концерт ұйымдастырды. Осы жерде аға буын өкілдері майдан даласында басынан өткерген қиыншылықтары мен жеңіске қалай жеткенін жастарға баяндап берді.

Айбар Имамбек, оқушы.

-Жеңісті жақындатып, бізге бейбіт өмір сыйлаған аталарымызға алғысымды айтамын.

Мектептегі шараға бір Ұлы Отан соғысының ардагері мен Ауған соғысының 5 ардагері қатысты.

 

 

 

Берик Касен.