Құқық қорғау органдары

Тәртіп сақшылары жас спортшыларға дәріс оқыды

Давид Вишняков – Облыстық спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы.

-Көшеде айналасына бей-берекет түкіріп, кез келген жерге қоқыс шаша беретін адамдарға бұл ісінің жөнсіз екенін айту қажет. Егер ол оған құлақ аспаса, бұл жайлы учаскелік полицейге хабарлау керек.

Тәртіп сақшылары оқушыларға түрлі жарыстардағы олардың жүріс-тұрысы мен құқықтық мәдениеті облыстың ғана емес, тұтас елдің беделіне әсер ететінін ескертті.

Рустем Испендиров, Петропавл қаласы ІІБ ювеналдық полиция бөлімшесінің инспекторы.

-Біз бүгін балаларға “нөлдік төзімділіктің” нені білдіретінін түсіндірдік. Бұл – азаматтардың көшеге қоқыс шашу, шекілдеуіктің қалдығы немесе сағыз тастау сияқты ұсақ бұзақылықтарға да төзбеуі. Жас спортшылар жарыстарға қатысу үшін түрлі қалаларға, мәселен елордамыз – Астанаға барады. Біз оларға қоғамдық жерлерде өздерін мәдениетті ұстап, қоқысты шашпау керек екенін айттық.

Дәріс “Жасөспірім” жедел алдын алу акциясы аясында ұйымдастырылды. Бұл іс-шара ақпанның 21-не дейін жалғасады. Аталған акцияны өткізу барысында алғашқы күні ішкі істер органдарына 69 жасөспірім жеткізілген. Оның 34-і түнгі уақытта қыдырғаны үшін ұсталған.

 

 

Риат Шони.