МТРА жаңалықтары

Солтүстікқазақстандықтар Президент сайлауын жылдың алғашқы жартысында өткізуді ұсынып отыр

Сергей Захаров, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты.

-Соңғы 8 жылда әлемде ауқымды экономикалық дағдарыстар орын алды. Соған қарамастан, елбасымыз асығыстық шешім қабылдамай, өміршең бағдарламаларымен халықты сенімді түрде алға жетелеп келеді. Мен бұл жолы да көшбасшымызбен бірге жаһандық қиыншылықтар мен дағдарысты еңсеріп шыға аламыз. Ол үшін елбасымыз Отандық тауар өндірушілерді қолдап, халықтың әлеуметік жағдайына басымдық беріп жатыр. Болашақ жобалар айқындалып, ірі инфрақұрылымдық жобалар іске асуда.

Қазірде бүкіл әлем жаңа қатерлермен бетпе-бет келіп, жетекші державалардың санкциялары қай елге болмасын салқынын тигізуде. Осындай қауырт уақыттан абыроймен өту үшін қазірден-ақ халыққа бас болатын азаматты сайлап алғанымыз жөн дейді жергілікті университет оқытушылары. Профессор Зарқын Тайшыбай да келер жылы халыққа ыңғайлы болу үшін президент пен парламент сайлауын қабаттастырмаған дұрыс дейді. Жерлесіміз маңызды науқанды жылдың алғашқы жартысында өткізуді ұсынып отыр.

Зарқын Тайшыбай, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың профессоры.

-Бұл жай ғана жеке кісіні сайлау емес, бұл қазақ қоғамындағы маңызды оқиға. Қазіргі әлемдік дағдарыс жағдайында Қазақстан экономикасының бас-аяғы бүтін кезінде осы сайлауды өткізіп, президентіміздің толық өкілетілігін қолына беріп, алға қарай жылжи беру керек деген идеяны қолдаймын. Мен Нұрсұлтан Назарбаев “Нұрлы жол” бағдарламасын аяғын дейін жүргізіп берсе деген тілегім бар.

Таяудағы жылдар жаһандық сынақтардың уақыты болады. Барлық елдер осы күрделі кезеңнен лайықты өте алмайды. Бұл сыннан тек мықты мемлекеттер, жұдырықтай жұмылған халықтар ғана сүрінбей шықпақ. Бұл сөзді елбасымыз да кезекті Жолдауында айтқан болатын.

 

 

Берик Касен.