Спорт

Шайбалы хоккейден “Жұлдызша 2015” чемпионатының ақтық кезеңі басталды

Руслан Сәрсенбаев – Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерімен жұмыс жөніндегі облыстық дене шынықтыру-спорт орталығы директорының орынбасары.

-Жарысқа қатысуға мықты-мықты спорт мектептерінен балалар келіп отыр. Оның ішінде Аққайың, Шал ақын мен Петропавл қаласынан. Олар іріктеу кезеңінде топ жарған құрамалар. Осы балалардың арасында біз ең жақсы, мықты хоккейшілерді таңдап, Солтүстік Қазақстан облысының құрама командасын жасақтаймыз. Қазақстан біріншілігі өтеді, соған қатысатын болады.

Алғашқы болып мұз айдынында Петропавл мен Аққайың ауданының құрамалары кездеседі. Тартысты ойын басталысымен екі жақтың ойыншылары шабуылдарын үдете түсті, дегенмен оларынан еш нәтиже шықпады. Осылайша, бірінші айналымда қос құрама есепті аша алмай тарқасты.

Илья Серік – хоккейші, Петропавл қаласы.

-Қарсылас хоккейшілер мықты екен. Бірақ, қалай да оларды шаң қаптыруымыз керек.

Десе де 2 және 3-ші кездесуде аққайыңдық хоккейшілердің бағы мен бабы қатар жанып, қызылжарлық хоккей құрамасын ұпай санымен тізе бүктірді. Қорытынды есеп 4:1. Жалпы аталмыш чемпионат үш жас ерекшелігі бойынша өтуде, барлығы 2 кезеңді қамтиды. Алғашқысында қалалық және аудандық хоккейшілер өз ішінде мықтыларын іріктеген еді. Енді міне сол құрамалар ақтық кезеңде бас жүлдені сарапқа салуда. Облыстық чемпионат 3 күнге жалғасады.

 

 

Бакыт Садуакасов.