Балалар

Республикалық «Жасыл ел» жасағына биыл – 10 жыл

Әдемі Ғабдулина – «Жасыл ел» жасағының сарбазы, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті.

-Жалпы «Жасыл ел» жасағының СҚОФ-да 323 сарбаз бар. Былтырғы жылы 7000 тал ағаш отырғызылды. Биыл оның санын арттырып, 9000-ға жеткізу ойымыз бар.

2005 жылдан бастап қолға алынған «Жасыл ел» жасағында республика бойынша 200 мыңнан астам азамат еңбек етіп, қосымша қаражат тапқан. Олар ел көлемінде 55 миллионнан астам көшет отырғызған екен. Жалпы жастардың маусымдық жұмыс жалақысы 40 мың теңгені құрайды. Шара барысында «Жасыл ел» жобасының 10 жылдығына арналып жарияланған «Ең үздік құттықтау» байқауының қорытындысы жарияланды. 50-ге жуық азамат қатысқан конкурста Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің 3 курс студенті Игорь Гаврыков 1-ші орынды жеңіп алды.

Игорь Гавриков – М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті, байқау жеңімпазы.

-Мен «Жасыл ел» бағдарламасына арнап өлең жаздым. Оған тек жарты сағатқа жуық уақытымды жұмсадым. Еңбегім бағаланып, бүгін міне, грамота алып жатырмын. Өте қуаныштымын. Осы азаматтардың арқасында еліміз гүлденіп, жасарып жатыр.

Айта кету қажет биыл «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша біздің облысқа бөлінетін қаржы екі есеге артып, 800 миллион теңгеге жеткен.

 

 

Самат Джакупов.