Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов тұрғындар алдында есеп берді

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Аграрлық сектор – облыс экономикасының негізі. Оның үлесі жалпы өңірлік өнімнің 24 пайызын құрап отыр. Тек былтырғы жылы жергілікті аграрилер жалпы сомасы 16,5 миллирд теңгенің субсидиясын алды. Осының арқасында ауыл шаруашылық тауар көлемі 2,6 пайызға артты. Мұндай көрсеткішпен біз республикада үшінші орынға тұрақтадық. Былтырғы ауа райының қолайсыздығына қарамастан, диқандар қамбаға 5 миллион тонна астық құйды. Уақыт өткен сайын машина-трактор паркі де жаңарып келеді. Былтыр 17,6 миллиард теңгеге 1220 техника сатылып алынды. Мал шаруашылығын дамытуға бағытталған бағдарламалардың барлығы тиісті деңгейде орындалды.

2014 жылы елімізде индустриаландыру картасының алғашқы бес жылдығы аяқталды. Аталған жоба аясында теріскейде де бірқатар істің басы қайырылған. Мәселен, 31 миллиард теңгенің 32 жобасы жүзеге асты. Бұл шаруалар болашақта да жалғасын таппақ.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Қазір аталмыш картаға 26 жоба кірді. Жыл соңына дейін олардың санын 70-ке жеткізуді жоспарлап отырмыз. Яғни, үш есеге арттырамыз. Айта кету қажет, оның алғашқылары жұмысын бастап кетті. Мұнымен қоса, «Самұрық-Қазына-Инвест» серіктестігінің қатысуымен жаңа машина жасау зауыты құрылады. Онда Фин елінің «Сампо» компаниясы ауыл шаруашылығына қажетті техника шығаратын болады. Сонымен бірге, 2014 жылдың қорытындысы бойынша облыста тоқтап тұрған 9 өндірістің тамырына қан жүгірмек.

Бүгінгі күні тек Петропавл қаласында 10 мыңнан астам азамат пәтер кезегінде тұр. Қазір бұл бағытта да тиісті шаралар атқарылып жатыр. Тек 2014 жылы өңірде 120 мың шаршы метрден астам баспана халық игілігіне берілген екен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,4 пайызға жоғары.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Жас отбасыларға арналып былтыр 4 үйдің кілттері табысталды. Тағы соншасы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» желісі бойынша берілді. Биылғы жылы жалпы аумағы 124 мың шаршы метр болатын баспана салуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ Петропавл қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 5 көпқабатты үй тұрғызылмақшы. Бұл іс аудандарда да жүзеге асырылатын болады.

Өткен жылы облыста 27 мыңнан астам азамат жұмысқа орналастырылды. Бірнеше ауданда жаңа мектептердің құрылысы басталып, 4 емхана бой түзеді. Биыл Петропавл әуежайы да қалыпқа келтірілмек. Ерік Сұлтановтың баяндамасынан соң, залға жиылған тұрғындар облыс әкіміне толғандырған сұрақтарын қойды.

Есілбай Омаров – гимнастикадан БЖСМ директоры.

-Былтыр біздің облыста бірнеше хоккей кордтары ашылған болатын. Биыл Қарасай стадионында жабық корд жасалынуы мүмкін бе?

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Бұл жұмысты өткенде бір топ кәсіпкерлдер келгенде Біз қала әкімімен бірнеше жабық кордтты көрсеттік. Ол кісілер 31 миллион теңге беретін болды. Оның 15 милионы түсті. 2 айдың ішінде біз жұмысты істейміз.

Уәлиханов ауданынан келген Сәкен Жүнісов облыс әкіміне ауданда халықтың әлжуаз топтарына үйлер беріледі ме деген сауалын қойды.

Сәкен Жүнісов – Уәлиханов ауданының тұрғыны.

-Ауданда тұрғын үй кезегі ұзын. Сол мәселе шешіледі ме?

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Қаңтар айында сіздердің әкімдеріңіздің есептік кездесуінде ауыл ақсақалдары 18 пәтерлі үй бар. Құжаттары бәрі, коммуникациясы бәрі жеткізілген. Оны биыл қайта қалпына келтіруге қаражат сұраған. Мәселені қарастырдық. Бюджеттік комисиядан өтті. 30 миллион теңге биыл бөлеміз. Келесі жылы ол үй аяқталып іске қосылады.

Ал Шал ақын ауданының тұрғыны Бибігүл Базарбекованы жастарды ауылға тарту мәселесі алаңдатуда.

Бибігүл Базарбекова – Шал ақын ауданының тұрғыны.

-Құрметті Ерік Хамзаұлы. Жас мамандарға төленетін жәрдемақы қысқартылмайды ма?

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Мемлекеттік бағдарлама бойынша биыл 279 жас маманды ауылға жіберуді жоспарлап отырмыз. Оған 412 миллион теңге қаражат қарастырылған. Біз жастарды ауылға тартуды қолдаймыз.

Кездесуде өңір басшысына жазбаша сұрақтар да жолданды.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Сізге Уәлиханов ауданы Қаратал ауылының тұрғындарының атынан қояр сауалым: Әр көктем сайын ауылымызды су басу қаупі бар. Биыл су тасқыны су тасқынына қарсы іс шаралар өткізіледі ме?
29 қаңтарда төтенше жағдайлар комисиясының отырысын өткіздік. Бүкіл сұрақтар қарастылды. Соның ішінде сіздің ауылыңыз да қарастырылды. Күтіп отырған тасқынымыз былтырғы жылғыдан аз болмайды. Былтыр су 58 см көтерілсе, биыл – 76 см. Нормадан екі есе қар түсті. Сондықтан, тасқынды болдырмау үшін дайндаламыз.

Бірнеше сағатқа созылған облыс әкімінің есебін жиылған қауым бір адамдай ұйып тыңдап, атқарылған жұмыстарға жоғары бағасын берді.

Жексенбай Дүйсебаев – ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты.

-Ет, сүт өндірісі, жұмыртқа, құс өндіру саласы барлығы артып отыр. Бұл дегеніміз көптеген жұмыс атқарылды деген сөз. Алдағы жоспарларда кңілге қонарлық. Және халықтың көңілінен шықты деп ойлаймын. Сондықтан бүгін берген әкімнің есебі өте жақсы деп айтамын.

Марина Ковшова – Петропавл қаласының тұрғыны.

-Кездесуде көптеген мәселер көтерілді. Облыс басшысы олардың барлығы шешеледі деп сендірді. Бұл – біз үшін жағымды жаңалық.

Ерік Сұлтанов жиында көтерілген барлық сұрақтарды жіті бақылауына алып, аудан әкімдері мен ведомство басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

 

Самат Джакупов.