Бизнес және экономика

«Сбербанк» АҚ қызмет көрсету сапасын жақсартуда

Наталья Лаврова- «Сбербанк» АҚ ЕБ филиалының жеке тұлғаларға қызмет көрсету секторының басшысы.

-Сбребанк онлайн жүйесі жаңартылды. Енді клиенттер коммуналдық қызметтер үшін ақы, яғни, газ, жарық, жылу, телефон, интернет, кабельдік теледидар және ұялы байланысты ешбір комиссиясыз төлей алады. Депозиттерді толықтыру, кредит төлеу, ақша аударымдары операциялары да ақысыз жүргізілмек.

Енді алтын уақытыңызды жоғалтып, банк филиалына келіп әуре болмайсыз. Интернетке қосылған компьютер мен ұялы телефон арқылы кез келген жерде бұл қызметтерді ешбір қиындықсыз атқару мүмкіндігі туды. Сондай- ақ, жолда жүру ережесін бұзғаны үшін белгіленген айыппұлды да осы жүйе арқылы өтеуге болады.

Наталья Лаврова- «Сбербанк» АҚ ЕБ филиалының жеке тұлғаларға қызмет көрсету секторының басшысы.

-Сбербанк онлайн қызметіне қосылу өте жеңіл. Ол үшін банктің төлем картасы ғана керек. Ал құпия сан мен логинді банкоматта не төлем терминалында алуға болады. Толық ақпаратты қаржы институтының бөлімшелері мен 39-09-82 және 39-09-26 нөмірлері арқылы білуге болады.

Жалпы бүгіндері қаржы институтының қызметтерін белсенді түрде 7 мыңнан астам петропавлдық пайдаланады екен. Олар үшін бүгіндері 100-ден астам қызмет түрі қолжетімді.

 

 

Магжан Ахмадина.