Білім

Ерен ерлік ешқашан ұмытылмайды

Наталья Конписенко – №2 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі.

-Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы өскелең ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеуде үлкен септігін тигізбек. Өйткені олар өздерінің ата-апаларының бірігіп, елімізді неміс фашистерінен қорғап қалған ерлігін асқан абыроймен еске алады.

314-ші атқыштар дивизиясы көптеген басқыншылық шабуылдарға қатысқан. Мәселен, 1944 жылы Кингесепск-Гдовск операциясы аясында 30-шы қаңтарда жерлестеріміз Пустомержу, Мануйлово, Веймарн сынды елді мекендерді жаудан азат етіп, кейіннен Кингисепп қаласын босатқан. Міне, осындай ерлігі үшін 314-ші атқыштар дивизиясына «Кингисептік» деген атау берілген. Ал бұл сол ерлерге арналған мектептегі шағын мұражай. Оқушылар өздерінің үлгі тұтар даңқты жерлестерінің соғыс кезіндегі және де кейінгі фотосуреттері мен экспонаттарын тамашалауда. Айта кеткен жөн, мұражайдағы барлық материалдарды 314-ші атқыштар дивизиясының тарихын зерттеген Алексей Овчинников берген екен. Осындай тарихқа толы мұражайдың барына мектеп оқушылары дән риза.

Елизавета Бубенко – №2 орта мектеп оқушысы.

-Біздің мектепте мұражайлық сабақтар жиі өтеді. Соның арқасында біз елдіміздің, қаламыздың және де мектебіміздің тарихымен танысамыз. Маған осындай мұражайлық сабақтар ұнайды.

Соғыс жайлы осындай мұражай сабақтары №2 орта мектепте жыл сайын өткізіліп тұрады.

 

 

Риат Шони.