Без категории

Қазақ хандығы тақырыбында аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Зылыйха Бимақанова, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ доценті, тарих ғылымдарының кандидаты

– Тәуелсіздік алғанан кейінгі зерттеушілердің қазақ хандығы жайлы жазған пікірлері сан-саққа жүгірген. Оған нақты нүкте қою керек. Елбасы тапсырмасымен “Асыл мұра” бағдарламасы бойынша Түркия, Монғолия, Қытайдан тарихқа қатысты құнды деректер жеткізіліп жатыр. ОларҚазақстан тарихына жаңа парақ болып енеді.

Осыдан 550 жыл бұрын қазақ хандығының іргесін Керей мен Жәнібек сұлтан қалады. Сондай-ақ, қазақ мемлекетілігін құруда Абылай хан да өлшеушіз үлес қосып, үш жүздің басын біріктірді. Бүгінде атақты қолбасшы, дипломант жайлы тың деректер Ресей мұрағат қорларында сақтаулы. Соның бір парасын ғалымдар өңірімізге жеткізіпті.

Сәуле Мәлікова, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мұрағатының директоры

– Абылай хан туралы 50-ше жуық құжат Ресей, Орынбор мемлекеттік мұрағаттарынан алынды. Біз оны алда ғылыми айналымға енгізбекшіміз.

“Қазақ хандығы ұлы ата-тегіміздің тарихи мұрасы ретінде” атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференцияда ел қоғаны болып, хандарға әр кезеңде қолдау танытқан билер мен батырлар жайлы да айтылды. “Бәйімбет” ҚБ президенті Ғалымжан Найманов жиынға қатысу үшін Астанадан арнайы келді. Қазір ол жетекшілік ететін ұйым қазақ батырларының тарихтағы рөлін зерттеу үстінде.

Ғалымжан Найманов, “Бәйімбет” ҚБ президенті, Астана қаласы

– Петропавл, Павлодар, Көкшетау қалаларындағы көшелерге батырлардың есімі беріліп, ескерткіштер орнатылмаған.

Кеңес одағы тұсындағы солақай саясаттың кесірінен аға буын өкілдері тарихымыздан бір жола ажырап қалды. Бүгінде тарихшылар негізгі дерек көздеріне сүйеніп, 15 ғасырда қазақ мемлекетігі болғандығын дәлелдеді. Және қазір нақты деректер бойынша жастар білім алуда.

Берик Касен.