МТРА жаңалықтары

Петропавлдағы рим-католик приходы “Қасиетті Троица” діни бірлестігінің настоятелі жаңа қызметке тағайындалды

Владимир Бубенко – СҚО әкімінің орынбасары

– Облыста шіркеу өкілі Дариуш Пашинскийдің қатысуымен ауқымды шаралар өтті. Сондай елеулі оқиғалардың қатарында Тайынша ауданына қарасты Озерное елді-мекенінің “Бейбітшілік патшайымы” костелына “Қазақстан жұлдызы” алтарінің орнатылуы мен Ясная Поляна селосында поляк мәдениет үйінің ашылуын жатқызуға болады.

Одан соң Владимир Бубенко дін өкіліне аймақ жетекшісінің атынан алғыс хат пен естелік сыйлықты тарту етті. Католик шіркеуінің настоятелі Дариуш Пашинский де теріскей жерінде еңбек еткен жылдарын сағынышпен еске алатындығын жеткізді.

Дариуш Пашинский – Петропавлдағы рим-католик приходы “Қасиетті Троица” діни бірлестігінің бұрынғы жетекшісі

– Шынымды айтсам, сіздермен қоштасқым келмеп еді. Бірақ амал қанша?!Дегенмен, Солтүстік Қазақстан облысында қызмет атқарған кездері ауқымды діни шаралардың куәсі болдым. Жұмыс бабымен басқа жерге ауыссам да, қазақстандықтардың достығы мен бауырмалдығын ешқашан ұмытпаймын.

Сондай-ақ кездесуге қатысқандар да сөз алып, Дариуш Пашинскийге жаңа қызметте табыс тіледі.

 

 

Бакыт Садуакасов.