Билік

Петропавлда жаңа шіркеу ашылды

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі

– Православтық христиан діні көптеген жылдар бойы биік арман-мұраттарды нығайтуда, біздің мемлекетіміздің мәдени және тарихи мұрасын молайтуда маңызды рөл атқарып келе жатыр. Храмның ашылуы туған өлкеміздің өркендеуіне қосылған бір үлес екеніне сенімдімін.

Бұдан кейін құттықтау сөздер айтылып, храмның құрылысына қаржы берген қайырымды азаматтарға мақтау қағаздары мен медальдар табыс етілді. Және Құдай үйінің қоңырауы аластатылды.

Жаңа шіркеудің таспасын облыс әкімі Ерік Сұлтанов қиды.

Бұл маңда бұрын Мария Магдалинаның құрметіне салынған теміржол храмы болған екен. Алайда, Кеңес үкіметі келісімен оны жауып тастап, комсомолдық үгіт-насихат жүргізетін орталыққа айналдырған. Ал, 73-ші жылы тіпті, күл-талқан етіп, жойып жіберген. Содан 4 жыл бұрын шіркеуді қайта қалпына келтіру ұйғарылады.

Сергий әкей – қасиетті Мефодий храмының настоятелі

– Біз Қасиетті Кирилл патриарх құрған арнайы бағдарлама бойынша жылжуды жөн көрдік. Яғни, ол жоба бойынша үлкен шіркеудің құрылысын жүргізу барысында қасына кіші храм да салынады. Құдайға құлшылық ету содан басталады. Міне, сол себепті, біз ең алдымен кішісін салып алуды шештік. Бізде соңғы 15 жылдан бері Қасиетті петропавлдық Мефодийге арналған храм болған емес.

Жалпы, Құдай үйінің қолданысқа тапсырылуы тұрғындардың жүрегіне жылу, көңіліне қуаныш ұялататындай. Бүгінде осыған байланысты жиылған жұрттың кейбіреуі, тіпті, толқып, көздеріне жас алды. Шіркеудің ашылуымен шаттыққа бөленген олар ризашылықтарын, жылы лебіздерін білдірді.

Нина Гладилова

– Бұл – қасиетті іс. Мұндай жаңа иконаларды бұрын-соңды көрген емеспіз. Ал, көбісін петропавлдық храмнан білеміз. Қазір осы қуанышты сәтте бойымды нұр мен шаттық сезімі билеуде.

Наталья Чагочкина

– Бұл – адам ойының, ақыл-есінің ақиқатқа, яғни Құдайға ұмтылудың белгісі. Сол себепті, аталған жайт тек баршасы үшін үлкен қуаныш.

Енді, келешекте шағын храмны қасына Мария Магдалинаның шіркеуін салу жоспарлануда.

 

Данаш Хамзина.