Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс делегациясы Түмен облысында болып қайтты

Ал мынау – Бентек компаниясының иелігі. Кәсіпорын бұрғылау қондырғылары мен мұнайгаз құрылғыларын дайындайтын әлемдік деңгейдегі өндіріс ошағы. Зауыттың инвестициялық жобасы Орал федералдық округындағы алдыңғы қатарлы жобалар қатарына енгізіліп, көп ұзамай толық қуатта жұмыс істемек.

Олег Федоровских – «Бентек» ЖШҚ бас директоры, Түмен облысы РФ

– Ресейдің бір өзінде біздің 20 шақты бұрғылау қондырғыларымыз орнатылған. Сондай-ақ, Қазақстанда Ақтау қаласымен, Таяу шығыс, Еуропа мемлекеттерімен жұмыс істейміз.

Бұдан соң, өңір делегациясы нан-тоқаш комбинатында болды. 2019 жылға дейін мұнда қуаттылықты тәулігіне 100 тоннаға дейін жеткізу көзделген. Қазіргі уақытта күнделікті 38 тоннасы пісіріледі.
Түмендіктер фанера зауытының мүмкіндіктерін де көрсетті. Бүгінде өндіріс ошағында 645 жұмысшы еңбек етеді. Олардың 90-пайызға жуығы кәсіпорындағы жаңғырту жұмыстарынан соң қызметке орналасқан. Сөйтіп, мұнда жылына 90 мың текше метр өнім әзірленеді.

Тамара Кушманова, «Түмен фанера зауыты» ЖШҚ маркетинг бойынша директоры, Түмен обласы, РФ

– Біз қазақ нарығында мықты әріптестік байланыстар орнаттық. Кәсіпорын өніміне деген сұраныс жоғары. Арасында сыртқы нарыққа ламинатталған фанера, қайың фанера мен қарындаш әзірлейміз. Астана қаласындағы құрылыс нысандарынан келіп түсетін ірі тапсырыстар бар. Негізінен Қазақстанға өнімнің 20 пайызын жөнелтеміз. 2014 жылы 231 млн. теңгенің тауары көршілермізге жол тартты.

Ал мынау – Түмен облысының үкіметі. Кеңейтілген жиында облыс жетекшілері мен кәсіпкерлер өңіраралық әріптестік жайын кеңінен сөз етті. Көршілес облыстың губернаторы тұрақты әріптестіктің маңызын атап өтті. Екі жақ алыс-берістен бөлек, тәжірибе алмасу жайынан да кенде емес. Әсіресе, құдайы көршілеріміз агроөнеркәсіп саласында ірі қараны суық қораларда күтіп-баптау жағын жерлестерімізден үйренген екен.

Владимир Якушев, Түмен обласының губернаторы, РФ

– Біз солтүстікқазақстандықтармен мықты әріптестік орнатып, тәжірибе алмасу жайын да жолға қойдық. Сіздерден үйренген ірі қара малды қыс уақытында күту технологиясының біздің шаруашылықтар үшін маңызы орасан болды. Қазіргі таңда бірқатар қожалықтар осы технологияны сәтті іске жаратуда.

Жиындағы негізгі мәселе – экономика жайы. Қос тарап шағын және орта бизнес саласындағы істестік байланыстарды одан әрі дамытуды көздейді. Әр өңір үшін экономикалық мүмкіндіктерді арттырудың бірден бір жолы – инвестиция тарту. Сондықтан тараптар, бұл бағытта қолға алынған шараларға тоқталды.

Владимир Якушев, Түмен обласының губернаторы, РФ

– 2 жылдың ішінде Түмен облысында 21 жаңа өндіріс орны пайда болды. Оның 6-сын іске қосуға шетелдік инвесторлар үлес қосты. Жалпы бүгінде тағы 300 кәсіпорын ашу мүмкіндігі бар. Нәтижесінде 40 мың жұмыс орны пайда болады. Әрине, қазіргі таңда Ресей бірқатар кедергілерге тап болуда. Дегенмен, қиындықтарға қарамастан, жоспарланған жобаларды іске асыруға бар күш-жігерімізді салудамыз. Әрі қазақстандық әріптестерімізбен осыған дейінгі байланыстарымызды нығайтамыз деген ойдамын.

Өз кезегінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов біздің экономикаға қаражат құюдың тартымдылығына тоқталды. Қазіргі мемлекеттік қолдау облыста экономиканың кез-келген саласында жаңа өндіріс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Одан бөлек жергілікті жерде табиғат ресурстары да өндірістік қуатыттылық та жеткілікті.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі .

– Инвестиция тарту – біздің басты міндеттеріміздің бірі. Әрі экономикалық интеграцияға көліктік инфрақұрылым өз себін тигізіп жатыр. Бүгінде Петропавл мен Түмен және Петропавл мен Тобылдың арасында көлік қатынасы орнаған. Биыл біз халықаралық әуежайды жаңғыртуды қолға аламыз. Бұл өз кезегінде әуе байланыстарын орнатуға да мүмкіндік береді.

Әңгіме барысында тараптар дағдарысқа қарамастан, істестік байланыстарды жаңа салаларда да орнатуды уағдаласты. Өз ниеттерін өңір басшылары меморандумға қол қойып бекітті.

Барлығы солтүстікқазақстандықтар мен түмендіктер бірқатар келісімдер мен меморандумдар жасасты. Сөйтіп, ендігі жерде әріптестік аясы кеңейе түспек.

Тұрар Ысқақов – СҚО кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары

– Бүгін СҚО-тық кәсіпкерлер палатасы мен Түмен облысының сауда-өнеркәсіп палаталарының өкілдері меморандум жасасты. Құжатта шағын және орта бизнеске қолдау жасау, оларға Еуразиялық одақ аясында жұмыс істеу бойынша өзекті мәселелерді шешуде өзара көмек көрсету қарастылған.

Руслан Цицкиев «Оцелот» өндірістік-сауда кәсіпорындары ассоциациясының президенті, РФ
«Бізде тұтынушыға уылдырықтан ірі шабаққа дейінгі барлық балық шаруашылығы өнімдерін ұсынатын компания бар. Ендігі кезекте, біз қазақстандықтармен тәжірибе бөліскіміз келеді. Әрі сол жерде жаңа кәсіпорын ашсақ деген ниетіміз бар. Өйткені, сіздердің өлкелеріңізде дәл біздердегідей су көздері баршылық».))

Екі жақ меморандумға қол қойғаннан кейін, Ерік Сұлтанов пен Владимир Якушев тілшілердің сұрақтарына жауап берді. Сөз түйіні – іссапарлар мен іскеркерлік келіссөздердің нәтижесінде орнайтын өзара тиімді әріптестік.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі

– Біз Түмен облысындағы бірнеше жаңа өндіріс ошақтарын аралап шықтық. Жергілікті жерде іске асып келетін инновацияларды байқадық. Әсіресе мұнай өңдеу зауытының жұмысы қызықтырып отыр. Сондықтан, біз осы кәсіпорынмен әріптестік орнатсақ деген ойға келдік. Ағаш өңдеу саласы да біз үшін маңызды. Дәл осындай нысандарды біздің өңірде де іске қосуға болады. Біз кәсіпкерлермен ақылдаса келе, осы жұмысты көп ұзамай қолға алуды шешетік.

Владимир Якушев – Түмен облысының губернаторы, РФ

– Әріптестіктік жайын сөз етер болсақ, бұл әрине, ағаш өңдеу саласы. Аталмыш бағыт біздің де, көршілеріміздің де қызығушылығын тудыруда. Ал машина жасау саласында әуелден-ақ бірлесіп еңбек етеміз. Бұған қоса, мәдениет, денсаулық сақтау және білім беру салаларында орнаған тығыз байланыстар одан әрі жалғасын табады.

Жерлестеріміз аралаған соңғы нысан – медицина қалашығы. Оның аумағында облыстық клиникалық аурухананың хирургиялық корпусы мен нейрохирургия орталығы жұмыс істейді. Жүйке жүйесінің дерттерін емдейтін мекеме 2010 жылы ашылған. Мұнда жарақаттау дәрежесі төмен оталар жасалып, медициналық жәрдемнің кауіпсіздігіне кепілдік беріледі.

Альберт Суфианов, федералдық нейрохирургия орталығының бас дәрігері, Түмен обласы, РФ

– Біз қол жеткізген технологиялардың көпшілігі Ресей аумағында, тіпті Еуропаның өзінде әлі күнге беймәлім. Біз эндоскопиялық әдістерді кеңінен іске жаратудамыз. Мысалы үшін, мидағы ісікті бас сүйегін кеспей ақ алып тастаймыз, ал энцефалияны 5-6 мм-лік тесік арқылы емдей береміз. Ол үшін мамандардың біліктілігі де, қондырғылардың қауқары да жетерлік. Бастысы біз тәржірибемізбен бөлісу үшін Қазақстандық дәрігерлерді арнайы оқыту курстарына шақыруға әзірміз.

Ресейлік әріптестердің мұндай ұсынысы солтүстікзақатсандықтардың қызығушылығын тудырды. Өзара тәжірибе алмасу әдістері көп ұзамай қаралмақ.

Рашида Иванова – СҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары

 

– Облыста нейрохирургиялық ауытқулары бар, орталық жүйке жүйесі зақымданған науқастар, әсіресе, балалар көп. Мұнда бірегей оталар жасалуда, ғылыми мүмкіндіктері де орасан. Әрине, мұны көргенде, әріптестік орнату ықыласымыз артты. Ұсыныс болса, біз қолдауға әзірміз. Тек алдымен, ауқымды дайындық жұмыстары жүргізілуі тиіс.

Айту керек, бүгінде Қазақстан Республикасы түмендіктердің ірі сыртқы сауда әріптестерінің санатында. Тек 2013 жылдың 12 айында өзара тауыр айналымы 132,51 млн. АҚШ долларын құраған.

Шохтыбаева Гульмира.