Өнеркәсіп

“Петропавл құрылыс материалдары зауыты” ЖШС ұжымы Президент сайлауын биыл өткізу ұсынысын қолдауда

Александр Кондратов – “Петропавл құрылыс материалдары зауыты” ЖШС бас директоры

– Өткен жылы біз шығарылған өнімдерімізді 2,7 млрд. теңгеге Қазақстан мен Ресей нарығында саудаладық. Биыл да осы бағытымыздан таймауды жоспарлап отырмыз. Ол үшін барлық жағдайлар жасалуда. Цехта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, жаңа европалық қондырғылар сатып алынды. Қазір кадр тапшылығы жоқ. 2015 жылға 2,7-3,5 млрд теңгенің өнімін шығаруды жоспарлап отрымыз.

Қазіргі таңда жергілікті кәсіпорында 180 жерлесіміз еңбек етуде. Жұмысшылардың орташа айлық жалақысы 80 мың теңгені құрайды. Өндіріс шебері Виктор Верхозин бұл мекемеде 2012 жылдан бастап еңбек етеді. Ол жұмысшыларға жасалған жағдайға дән риза.

Виктор Верхозин – “Петропавл құрылыс материалдары зауыты” ЖШС өндіріс шебері

– Мен жоғарғы оқу орнын тәмамдаған соң жас маман ретінде осы зауытқа жұмысқа орналастым. Жалпы бұл серіктестікте еңбек еткен өзіме ұнайды. Жалақы уақытылы беріліп тұрады. Цехта 4 желі жұмыс істейді. 16 диаметрліктен бастап 1200-ге дейінгі полиэтилен құбырларын жасаймыз. Тапсырыстар әрдайым келіп тұрады.

Алдағы уақытта кәсіпорын қолжетімді баспана бағдарламасы аясында жас отбасыларға арнап жеке тұрғын үйлерді салуға қатысуды жоспарлауда. Құрылысқа қажетті барлық материалдарды зауыттағылар өздері өндірмек. Серіктестік директоры бұл бастамалары әлемдік дағдарысқа қарамастан, сәтті жүзеге асатынына сенімді. Мұндай сындарлы уақыттан ұтылмай шығу әрқашан да саясаткер әрі көреген мемлекет басшысының жетекшілік етуімен тікелей байланысты дейді ол. Сол себепті, кәсіпкер Александр Кондратов елімізде президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу ұсынысын қолдап отыр.

Александр Кондратов – “Петропавл құрылыс материалдары зауыты” ЖШС бас директоры
–  Қазір әлемде орын алған қиын-қыстау кезеңде барлығымыз қол қусырып отырмай, елімізде экономиканы тұрақтандыру үшін еңбектенуіміз қажет. Ол үшін бірінші ретте білікті басшы қажет. Биыл елімізде Ассамблея мүшелері кезектен тыс Президент сайлауын ұйымдастыру идеясын ұсынып отыр. Мен бастаманы қолдаймын. Бұл құптарлық іс.

Айта кеткен жөн, “Петропавл құрылыс материалдары зауыты” ЖШС үдемелі индустриялық-инновациялық дпму бағдарламасының 2-ші бесжылдығына жалпы құны 200 млрд теңгеден асатын жобамен енген.

 

Риат Шони.