Спорт

Өңір боксшылары жастар арасындағы ел чемпионатынан жүлделі оралды

Азат Елубаев – боксшы

– Мен алғашқы екі кездесуімді шығысқазақстандық және қызылордалық спортшымен өткіздім. Ал жартылай сында Қарағанды қаласының боксшысынан ұпай санымен ұтылып қалдым. Мені осы чемпионатқа дайындаған жаттықтырушыларым Азамат Жақиянов пен Антон Лопатинге алғысымды білдіргім келеді.

Бокстан жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты ақпанның 9-ы мен 15 аралығында өткен еді. Қарағанды қаласында ұйымдастырылған дүбірлі додаға 11 салмақ дәрежесі бойынша 197 спортшы қатысты. Соның ішінде біздің облыстың атынан 8 боксшы өнер көрсетті. Оның екеуі жүлделі орынға қол жеткізіпті.

Шайбек Қарағазиев – бокстан облыстың аға бапкері

– Біздің жігіттер жаман нәтиже көрсетті деуге болмайды. Меніңше, бұл балаларға спаринг жетіспеді, тағы да оқу-жаттығу жиындарын өткізсе, балалар жақсы ойын көрсетеді. Кейінгі 1998 жылғы балалар алда мықты қолғап түйістіреді деген сенім бар.

Жалпы, аталмыш республикалық байқауда үздік үштікке Тараз, Қарағанды және Астана қаласының былғары қолғап иелері ілінсе, солтүстікқазақстандық құрама небары 10-шы орынға жайғасыпты.

 

Бакыт Садуакасов.