Спорт

«Мен чемпион» жобасына дайындық қызу

Әйгерім Мұстафина – «Мұрагер» құрамасының мүшесі, Жамбыл ауданы.

– Алдымызда үлкен жауапкершілікті іс тұр. Яғни біз облыста аудан намысын қорғаймыз. Сондықтан бар күш-жігерімізді салатын боламыз.

Ал мектеп мұғалімдері болса, тәрбиеленушілерінің алда өтетін жарыстағы барлық қиындықтарды еңсеретіндіктеріне сенімді.

Шолпан Колмакова – Железное орта мектебінің мұғалімі, Жамбыл ауданы.

– Спортпен әрбір адам шұғылдануы қажет. Сайыс болған соң балалар алдарына мақсат қояды. Жеңіске жету үшін, аянбай тер төгеді. Жоба оқушылардың салауатты өмір салтын ұстануына да сеп болып отыр.

«Мұрагер» құрамасының ақтық сынға өткендеріне жерлестері де қуанышты. Олар командаға алдағы додада тек сәттілік тілейді.

–  Мен жерлестеріме жанкүйер боламын. Алдағы додада сәттілік тілеймін.

– Мен олар жеңіске жететініне сенімдімін. Себебі құрама қызу дайындық үстінде.

Айтулы жарыстың облыстық кезеңіне өткен Петропавл қаласындағы мектептер де қызу әзірлік үстінде. Мәселен нөмірі 17 орта мектептің «Стрела» құрамасы қазір жеңіске жетудің түрлі амалдарын ойластыруда.

Евгений Муканов – «Стрела» құрамасының мүшесі, Петропавл қаласы.

– Біз үшін ең қиыны скейтте сырғанап, доппен секіру. Қазір осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Нәтиже шығады деген ойдамын.

Мағжан Жұмабаев ауданының спортшылары да жеңістен үмітті. Булаев қаласындағы нөмірі үшінші орта мектептің «Третий уровень» командасы қазір қызу жаттығу үстінде.

Анатолий Локшин -№3 Булаев орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі. М. Жұмабаев ауданы.

– Жоба жыл сайын ұйымдастырлады деген үміттеміз. Себебі оқушылар үшін сайыстың маңызы зор. Оның үстіне денсаулыққа да пайдалы.

Жалпы «Мен чемпион» жобасының облыстық кезеңінде 16 құрама күш сынасатын болады. Бақ шаба ма бап шаба ма? Оны уақыттың өзі таразылайтын болады. Айта кету қажет ойындар оқушылардың көктемгі демалыс уақытында ұйымдастырылмақ.

 

Джакупов Самат.